• 29 апреля, 2025 7:44 пп

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Апр 25, 2025

✔️Арыста көктем басталғалы бері шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл бұл шаралар наурыз айынан басталып, жоспарға сәйкес шілде айына дейін жалғасатын болады.

✔️Арыс қаласына қарасты елді мекендер үш секторға бөлініп, әрқайсысында нақты жоспар негізінде жұмыстар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, №7 секторға Байтоғай, Қожатоғай, Шөгірлі, Ақын-Жақып елді мекендері, №8 секторға Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, ал №9 секторға Аққала мен Жосалы елді мекендері кіреді.

✔️Бүгінгі таңда ғылыми топтың қорытындысына (нұсқамаға) сүйене отырып, дезинсекция жұмыстары екі түрлі әдіспен жүргізілуде. Дернәсілдермен күресу үшін су қоймаларына биологиялық препараттар жіберу әдісі қолданылса, шіркейлердің шоғырлану қаупі жоғары аймақтар — су қорғау аумақтары, жағалаудағы ағаштардың бұталары, елді мекендер мен оған жақын орналасқан 10-15 шақырым жерлер химиялық әдіспен залалсыздандырылуда.

✔️Әр секторда арнайы техника мен білікті мамандар жұмылдырылған. Нақтырақ айтсақ, 2 дана дезинсекциялық техника, 5 дезинфектор маманы және 1 ғылыми сүйемелдеуші маман тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

✔️Аталған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы үшін күнделікті бақылау мен қадағалау да ұйымдастырылған. Бұл жұмыстарды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Арыс қаласы әкімдігі және ауылдық округтердің жауапты мамандары жіті қадағалауда ұстап отыр.

✔️Шіркейге қарсы атқарылып жатқан бұл кешенді шаралар тұрғындардың денсаулығын қорғауға, жайлы өмір сүруіне және санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Автор: admin