• 21 ноября, 2024 12:28 пп

ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ: ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТТЕГІ ЖАҢА ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ

Автор:admin

Окт 27, 2020

Қазақстан Республикасының Президенті  Қ. Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған жолдауының әр бағыты-мемлекетіміздегі маңызды салалардың даму үдерісіндегі кемшіліктерді түзетуге айқын басымдылық беретін  негізгі бағдар екені анық. « ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» деп  аталған аталмыш жолдаудың 11 бағытын негізгі нысана етіп ала отырып, нақты тапсырмалар жүйесі ретінде, елімізде жүзеге асыру басталды. Қазіргі әлемге ортақ мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін, барлық мемлекеттер қажетті деп тапқан стратегиялық жоспарларын өздеріне ыңғайлап алды.  Сол секілді біздің еліміз де, өз бағытын таңдап отыр. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамыту, экология және биологиялық әркелкілікті қорғау, әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында, цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы, ұлттың жаңа болмысы сынды маңызды басымдықтар мемлекеттіміздің өркендеуі, өтпелі қиындық кезеңін еңсеруі үшін әуелгі ұятқы болмақ. 

Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында. 

2019 жылдан бастап біздің Үкімет «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алды. Ел Президентінің қыркүйекте жолдаған жолдауында айтылғандай, мемлекеттімізде заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, жоғарыда айтылған бағыттар, яғни әлеуметтік — экономикалық дамудың бірде бір міндеті табысты жүзеге асырылып, мақсатқа жете алмаймыз. Мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекеттік аппараттың қызметіндегі қордаланған мәселелер, көп жағдайда азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің жергілікті жерлерде өзара тиімді іс-қимылының болмауына байланысты екенін айтқан болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» — бұл, шын мәнісінде «Әділетті мемлекет» құру жолындағы ең басты тұжырымдама. 

Осы тұжырымдаманы мақсатына жеткізу үшін жергілікті басқару органдары, оның ішінде Облыстық әділет департаментінің, пандемия шектеуінде азаматтармен  кедергісіз байланыс орнатып, жұмыс атқаруға белгілеген қызметтік тәртіп пен міндеттері бар. Ол дегеніміз, Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңының негізгі қызметтерінің бірі сапалы құқықтық түсіндіруді ұйымдастыру, заңгерлік қызмет көрсету және құқықтық ақпараттандыруды әділет департаменті бір сәтке де тоқтатпады дегенді білдіреді. 

Азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді жауап беру үшін ауданаралық әділет басқармаларының басшыларына, сот орындаушыларына ең танымал Instagram, Facebook, Telegram сынды әлеуметтік желілер арқылы, Ватсап арқылы азаматтардың өтініштеріне уақытылы жауап беріліп, қараусыз қалдырылмауын, сапалы әрі кешенді жауаппен қанағаттандыру тапсырылып, карантин режиміннен бастап біршама жұмыстар атқарылды. Мұндай жедел жұмыстар басқармаларға ортақ кемшіліктерді азайтуға да мүмкіндік беріп отыр. 

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ. 

 

Автор: admin