Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналғанауқымды мерекелік іс-шара өтті.
2025 жылғы 29 мамырда Шымкент қаласындағы «Наурыз» алаңында 1 маусым —Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда» атты кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараны Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Негізгі мақсат — балаларға қауіпсіздік негіздерін үйрету, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және ата-аналардың назарын балалар қауіпсіздігіне аудару.
Іс-шараның ашылуында Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Сергей Афанасьевич Огай құттықтау сөз сөйлеп, балалардың амандығы мен әл-ауқаты —қоғамның басты құндылығы екенін атап өтті.
Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі тәрбиелікмәнге ие болды:
• Өрт сөндіру, құтқару және медициналық көмеккөрсету техникалары көрсетіліп, мамандар олардыңмүмкіндіктері жөнінде түсіндірді;
• Балаларға өрт пен суда өзін-өзі ұстау ережелерітуралы профилактикалық әңгімелер өткізілді;
• Бүлдіршіндер құтқарушылар бейнесін өзкөзқарастарымен бейнелеген сурет байқауынақатысты;
• Өрт сөндіруші киімін жылдам кию сайысы, «Кімтапқыр?» атты викторина және спорттықэстафеталар балалардың логикалық ойлау қабілетінжәне тәжірибелік дағдыларын дамытуғабағытталды;
• Қызметтік ит Берта өзінің шеберлігін көрсетіп, балалардың көңілін көтерді.
Барлық белсенді қатысушыларға ТЖД тарапынан естелік сыйлықтар мен марапаттар табысталды. Іс-шара соңында қатысушылар естеліксуретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Іс-шара Президенттің бастамасымен жүзегеасырылып жатқан «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясындағы 10 күндік декада шеңберінде өтті. Осы уақыт аралығында ТЖД-ныңАбай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұранаудандары бойынша басқармалары өзаумақтарында «Ашық есік» күндері, профилактикалық іс-шаралар, танымдықвикториналар, сурет байқаулары мен спорттықэстафеталар ұйымдастырды.
Бұл күн балаларға тек қуаныш пен мерекеліккөңіл-күй ғана емес, сондай-ақ өмірде қажетболатын маңызды қауіпсіздік білімдері мен дағдыларын сыйлады.