• 16 июня, 2025 10:32 дп

Шымкентте Ұлттық ұлан бригадасының қару-жарағы мен әскери техникасы техникалық тексерістен өтті

Автор:admin

Июн 12, 2025

Шымкент қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттықұланының 6506 әскери бөлімінде қару-жарақ пенәскери техниканы жыл сайынғы жоспарлы техникалықтексерістен өтті. Іс-шара «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник ИгорьПоповскийдің басшылығымен өткізілді.

Тексерістің негізгі мақсаты әскери техниканыңтехникалық жай-күйін жан-жақты және объективтібағалау, оның белгіленген нормативтерге сәйкестігінтексеру, сондай-ақ күнделікті қызмет пен жауынгерлікміндеттерді орындау жағдайында пайдаланудыңқауіпсіздігі мен тиімділігіне әсер етуі мүмкін ықтималбұзушылықтарды уақтылы анықтау және жою болып табылады.

Әскери қызметшілер техникалық тексеруге мұқиятдайындалды. Жеке құрамды тасымалдауға арналғанбарлық автомобильдер мен автобронетанк техникасытексерілді. Көлік құралдарының сыртқы түріне де ерекше назар аударылды. Жүргізушілерде әскерибилеттер мен бекітілген көлік құралын басқаруқұқығын растайтын белгісі бар жүргізуші куәліктерініңболуы тексерілді.

«Мұндай тексеру іс-шаралары көлікқұралдарының, арнайы және броньды танктехникасының техникалық жайкүйі менжабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігінтексеру, оларды пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жүргізушілердің қызметтік-жауынгерлік міндеттердіорындау кезінде жол жүрісіне қатысуға жіберілуінбақылау үшін жыл сайын жүргізіледі», — деп атап өттіИгорь Александрович.

Әскери техника, қару-жарақ, инженерлік мүлік,радиациялық-химиялық биологиялық қорғау жәнебайланыс құралдарының мүлкі жарамдылығы менжасақталғандығына тексерілгенін атап өтеміз.Сондай-ақ, жеңіл техниканың техникалық жағдайы, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жағдайы тексерілді.

Барлығы 200-ге жуық әскери техника тексерістенөтті. Тексеріс көрсеткендей, Ұлттық ұланның 6506әскери бөлімінде әскери техника кез-келген жағдайдажұмыс істеуге және қойылған қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөзқызметі

Автор: admin