• 5 июля, 2025 5:12 пп

СИАНЬ ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 5, 2025

 

Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы ресми іссапары аясында туризм саласын дамыту және туристер тарту мәселелері талқыланды. Іссапардың бірінші күнінде екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды B2B форматындағы кездесулер өтті.

Кездесуге Сиань қаласы халық үкіметі жанындағы Сыртқы істер басқармасының, Сиань қаласының Мәдениет және туризм басқармасының, Қытай халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесінің Сиань бөлімінің, сондай-ақ Сиань қаласы Сыртқы істер аударма қызметтері орталығының өкілдері қатысты.

Екінші күні Шымкент қаласының туристік әлеуеті жан-жақты таныстырылып, арнайы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Сиань қаласының Сыртқы байланыстар басқармасымен бірлесе отырып, Шымкентке туристер тарту мақсатында туроператорлармен ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізілді.

Кездесу қорытындысында екі қаланың туризм саласындағы компаниялары арасында бейнебайланыс арқылы бірлескен кездесулер ұйымдастыру туралы келісім жасалды.

Бұл бастамалар Шымкенттің халықаралық деңгейдегі туристік тартымдылығын арттырып, жаңа байланыстар орнатуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.

Автор: admin