Түлкібас ауданында жыл санап балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қатары артып келеді. Солардың бірі — биыл іске қосылған Арыс ауылдық округіндегі «Бай» жеке кәсіпкерлігі. Ол өзіне тиісілі 10 гектар жерінің 5 гектарына 6 жасанды тоған қазып, соның 2-не алғашқы балық шабақтарын жіберіп отыр. Біріне 10 мың дана форель балығының шабақтарын жіберсе, екінші тоғанға 300 дана бекіре балығының шабақтарын жіберген. Аталған шаруашылыққа аудан әкімі Асқар Естібаев, аудан әкімінің орынбасары Ғани Құрманбай арнайы барып, жұмысымен танысты. Кәсіпкер қалған 5 гектар жеріне қауын, қарбыз, алма, жүгері және сәнді ағаштардың көшеттерін отырғызып, алдағы уақытта бұл жерді демалыс аймаққа айналдыруды көздеп отыр. Аудан басшысы кәсіпкердің ісіне оң бағасын беріп, балық жемінің 30 пайызын субсидиялау бойынша жауапты орынбасарына нақты тапсырмалар берді.
Кейін Асқар Сұлтанұлы сол маңдағы жаңадан ашылған ЖК «Мұра» балық шаруашылығында болды. Ол жерде кәсіпкер 1 гектардан астам жерге 3 жасанды тоған қазып, оған 20 мың дана форель және 3 мыңға жуық сазан балығының шабақтарын биыл мамыр айында жіберген.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда ауданда балық шаруашылығымен айналысатын 29 кәсіпкер бар. Жыл соңына дейін қосымша 2 кәсіпкер өз ісін бастауды көздеп отыр.
Арыс ауылдық округіндегі іссапарын аудан әкімі «Нар» шаруа қожалығымен түйіндеді. Бүгінде 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отырған Болат Өмішов есімді кәсіпкер үй ауласынан құрт өндеу цехын ашып, айына 20 тонна, ал тәулігіне 500 келі құртты дайындап отыр. Өнімді Түркістан және Жамбыл облысына келісін 1500 теңгеден өткізеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
——————
В ТЮЛЬКУБАСЕ РАЗВИВАЕТСЯ РАЗВЕДЕНИЕ ЦЕННЫХ ВИДОВ РЫБ
В Тюлькубасском районе с каждым годом растет число предпринимателей, занимающихся рыбным хозяйством. Одним из них является ИП «Бай» в Арысском сельском округе, запущенный в этом году. Он выкопал 6 искусственных прудов на 5 га из 10 прилегающих к нему земель, в 2 из которых запустил первые мальки. В один из них было отправлено 10 тыс. штук мальков форели, во второй пруд — 300 штук мальков осетровых рыб. Данное хозяйство посетили аким района Аскар Естибаев, заместитель акима района Гани Курманбай. Предприниматель намерен посадить на оставшихся 5 гектарах дыни, арбузы, кукурузу, саженцы яблок и декоративных деревьев и в дальнейшем превратить это место в зону отдыха. Глава района дал положительную оценку делу предпринимателя и дал конкретные поручения ответственному заместителю по субсидированию 30 процентов рыбных кормов.
Позже Аскар Султанулы посетил недавно открытый ИП «Мұра». Там предприниматель вырыл 3 искусственных пруда на площади более 1 гектара и в мае этого года зарыбил их 20 тысячами штук форели и около 3 тысяч мальков карпа.
Стоит отметить, что на сегодняшний день в районе насчитывается 29 предпринимателей, занимающихся рыбным хозяйством. До конца года еще 2 предпринимателя планируют начать свое дело.
Свою командировку в Арысском сельском округе аким района подытожил крестьянским хозяйством «Нар». Сегодня предприниматель Болат Омишов, который обеспечивает работой 15 сельских жителей, открыл цех по выработке курта во дворе дома, готовя 20 тонн продукции в месяц и 500 кг курта в сутки. Продукцию реализуют по 1500 тенге в Туркестанскую и Жамбылскую области.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области