Қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар бір ғана кандидат ұсына алады. Және ол адам оның мүшесі болуға міндетті емес. Кандидат ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауыспен қабылданады және хаттама үзіндісімен рәсімделеді. Содан соң Президенттікке кандидат өзі немесе өзінің сенімді өкілдері арқылы сайлаушылардың 1%-нан кем емес қолын жинауға тиіс. Жоғарыдағы талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін қол жинау парақтарын ОСК-на ұсынады. ҚР ОСК сайлаушылар тізіміне дауыс беруге құқылы 11 млн 914 мың 19 азамат енгізілген. Осылайша әр кандидат 118 мың 140 қазақстандықтың қолын жинауы тиіс. Қол қойылған қағаздар аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол жерде он күн ішінде жиналған қолдардың жарамдылығы тексеріледі және ОСК-на жолданады. Кандидаттарды тіркеу Президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін үміткерлер ОСК-на өзі мен жолдасының (жұбайының) табыстары мен мүліктері туралы декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік органның анықтамасын, сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысын тапсыруы керек. ОСК кандидатты тіркегеннен кейін 7 күннен кешікпей барлық мәліметтерін көрсете отырып БАҚ-да тіркеу туралы хабарлама жариялайды және кандидаттарға куәлік ұсынады. Егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған күні екі кандидаттан аз адам тіркелсе, ОСК 20 күннен артық емес мерзімге кандидаттарды ұсыну мерзімін ұзартады. ОСК қандай жағдайларда кандидатты тіркеуден бас тарту мүмкін? Төмендегі жағдайларда ОСК кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды: Кандидатты ұсыну ережелері бұзылса, үміткер тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаса; Мемлекеттік кіріс органдары кандидаттың кірістері мен мүліктері туралы декларацияда ұсынған ақпараттарын дәйексіз деп таныса; Кандидат Конституция және «Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес келмесе; Сайлауалды компанияда кандидат өзінің лауазымдық және қызметтік жағдайын пайдаланса; Кандидат сайлауалды үгіттеу жұмыстарын кандидатты тіркеу мірзімі аяқталғанша, сайлау күнінде немесе оның алдындағы күні жүргізсе; Сот кандидаттың және (немесе) оның сенімді өкілдерінің басқа кандидаттың ар-намысын таптайтын, абыройын түсіретін өтірік ақпараттарын таратқанын анықтаса; Сот кандидат мен оның сенімді өкілдерінің сайлаушыларды сатып алу фактісін анықтаса; Сондай-ақ «Сайлау туралы» конституциялық заңмен белгіленген басқа да жағдайларда. Сайлауға екі және одан да аз күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімді жоюға немесе бұрын тіркеуден алынып тасталған кандидаттың тіркеуін қайта қалпына келтіруге жол берілмейді. Тіркеуден бас тарту туралы ОСК шешіміне он күнде кандидаттың өзі немесе оны ұсынған қоғамдық ұйым шағым түсіре алады. Ол үшін Жоғарғы сотқа шағым түсіру керек. Жоғарғы сот шағымды түскен күннен бастап он күн ішінде қарайды. Ол түпкілікті шешім болып саналады. Өз кандидатурасын қайтарып алуға бола ма? Иә, дауыс беруге екі күн мерзім қалғанға дейін, тіркелген күннен бастап кез келген күні оған құқылы. Бұл үшін ОСК-на өтініш жазу керек. Бұдан бөлек аймақтық қоғамдық ұйымның жоғарғы органы ОСК-на тиісті ұсыныстарын тапсыра отырып, тіркеуге дейін кез келген уақытта және одан кейін кандидатты ұсыну туралы өз шешімінен бас тарта алады. Кандидатурасы қайтарып алынса немесе мәжбүрлеусіз кандидатты ұсыну туралы шешім жойылса, ОСК қоғамдық ұйымға бұл кандидатты сайлауға өткізуге қатысты кеткен шығындарды ұсынуға құқылы. Президенттікке кандидаттың сайлау қорының көлемі Кандидаттың өз қаражаты мен кандидатты ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік бөлген қаржы есебінен құралады. Оның жалпы сомасы ең төменгі жалақы мөлшерiнің он екі мың еселенген сомасынан немесе 510 млн теңгеден аспауы тиіс. Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті салымдарынан тұрады. Оның жалпы сомасы ең төменгі жалақының он бес мың еселенген сомасынан, яғни 637,5 млн теңгеден аспауы тиіс. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары. Тіркеу аяқталғаннан кейін басталды. 18.00-ден басталған жұмыстар 8 сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Одан соң тыныштық күні. Сайлау учаскелері сағат нешеде ашылады? Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. Қазақстанның жаңа Президентінің есімі қашан белгілі болады? Сайлаудың түпкілікті қорытындыларын анықтап, жариялауға, сондай-ақ сайланған президентті тіркеуге ОСК-на 7 күн қарастырылған. ОСК жаңа мемлекет басшысының есімін ресми түрде жариялайды.
Jsk ақпараттық агенттігі
3874 символ