• 21 ноября, 2024 5:02 пп

Латын әліпбиіне көшу – өркениетке ілесу

Автор:admin

Июн 12, 2022

Соған орай, кейбір әріптер компьютердің негізгі басасында жоқ. Бұл компьютерге қосымша бағдарламалар орнатуға мәжбүрлейді (ал ондай мүмкіндік әрдайым, әсіресе, шет елдерде жүргенде мүмкін бола бермейді) және мәтінді терудің тиімділігін төмендетіп, жылдамдығын тежейді. Сондықтан да, қазақ әріптерін таңбалауда тек компьютердің негізгі базасында бар әріптерді пайдалану аса маңызды болмақ. Бұл ретте көршілес Өзбекстан, Түркменстан мен Азербайжан елдерінің тәжірибесі де бізге жақсы көмек бола алады.ьЖолдаудағы ана тілімізге қатысты тағы бір мәселе – «тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу». Жалпы халықаралық терминдерді аудару ерекше маңызды мәселелердің бірі. Содан да болар, бұл туралы пікірлерді баспасөз беттерінен, ғылыми конференциялардан жиі кездестіруге болады. Латын әліпбиіне көшу бұл проблеманың да оңтайлы шешілуіне ықпал етеді. Енді орыс тілінен және орыс тілі арқылы шет тілдерінен енген сөздерді бұрынғыдай «орыс тілінде қалай жазылса, қазақ тілінде де солай жазудан» құтыламыз. Ондай сөздер жазылуы мен айтылуы жағынан қазақ тілінің заңдылықтарына жақындай түседі. Бұл жаңа сөздердің тілімізге тез сіңіп, біте қайнасып кетуіне мүмкіндік береді. Латын әліпбиіне көшу – өркениетке ілесу. Қазақстан – біртұтас мемлекет. 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауында: «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» – деп нақты белгілеп берді. Және осы жолдауда ана тіліміздің Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болғанын, енді оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн екенін көрсетті. Ал Мәңгілік Ел болу үшін де латын әліпбиі ауадай қажет. Ескеретін бір мәселе, латын әліпбиі бір ғана қазақ халқының әліпбиі емес, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың әліпбиіне айналуы тиіс. Қазіргі зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын негізгі жол деп есептейді. Оның саяси мәні де зор. Яғни латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақ елі бүкіл түрік әлемімен бұрынғыдан да жақындаса түседі. Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдетеді. Ақпарат және телекоммуникациялық саладағы қолжетімділік те артады. Әліпби ауыстыру, бұл – ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды бетбұрыс болып табылады. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн.
Jsk ақпарат

Автор: admin