2025 жылғы 2 тамызда Шымкент қаласында жалпы қалалық сенбілік өтіп, оған 11 мыңнан астам адам, оның ішінде 28 жасқа дейінгі 4 мыңнан астам жас қатысты. Қала көшелерін тазалауға аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, қалалық басқармалар, еріктілер, тұрғындар мен қоғам белсенділері шықты. 215 арнайы техника жұмылдырылып, 160 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Сенбілік барысында:
• 57 шақырым жол жиегі,
• 43 шақырым жаяу жүргінші жолы,
• 38 шақырым ирригациялық арық жүйесі тазаланды.
Сондай-ақ, өзен арналары мен жағалаулары қоқыстан тазартылып, шөп шабылып, қураған бұталар кесілді.
💬 «Мұндай шаралардың басты мақсаты – аптасына бір рет тазалық ұйымдастыру ғана емес, адамдардың айналаға деген көзқарасын өзгерту. Қоқыс тастамауға дағдыландыру. Күнделікті өмірде, көшеде, табиғат аясында тазалық мәдениетін қалыптастыру», – дейді ұйымдастырушылар.
🧹 Сенбіліктер «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп келеді. Бұл акция наурыз айында басталып, жыл соңына дейін апта сайын жалғасады.
📌 Еске сала кетейік, Шымкент қаласында 2029 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспар қабылданған. Жоспар аясында «Таза аула», «World clean-up» секілді ақпараттық-ағартушылық бастамалар, көгалдандыру, абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы тұрақты жұмыстар қарастырылған.
👐 Қалалық әкімдік барлық тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырады: таза Шымкент – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.