• 11 сентября, 2025 8:10 дп

«Заң мен Тәртіп» және «Жұмысшы мамандықтары жылы» қағидаты аясында Шымкентте жәрмеңке өтті

Автор:admin

Авг 5, 2025

Қала прокуратурасының бастамасымен 2025 жылы 6 тамызда «Заң мен Тәртіп» және «Жұмысшы мамандықтары жылы» қағидаты аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен жылжымалы азаматтарды қабылдау акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге қаладағы ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерден 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, әртүрлі сала бойынша 800-ге жуық тұрақты және 2000-ға жуық субсидияланатын бос жұмыс орындары ұсынылды. Акция барысында 150-ден астам тұрғын өз өтініштерін білдіріп, оның ішінде 64 тұрақты жұмысқа, 23 субсидияланған жұмыс орындарына, 8 кәсіптік оқытуға жолданып, 28 тұлға жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Жылжымалы қабылдауғада 200-ге жуық қала тұрғындары қабылдауға келіп, олардың басым бөлігіне сол жерде құқықтық кеңес берілді, кейбір мәселелер жедел шешімін тапты. Аталған іс-шара қоғаммен тиімді кері байланысты қамтамасыз етіп, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және мемлекеттік органдардың ашықтығын нығайтуға бағытталды. Осындай іс-шаралар айына 2 рет өткізілетін болады. Қала прокуратурасымен бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады. Жалпы құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге жастарда қызығады. Қазіргі уақытта қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету барған сайын күрделі және алуан түрлі болып келеді. Сондықтан құқық қорғау органдарының кәсіби дағдыларын жетілдіру мәселесі бірінші орынға шығуда. Қызметкерлерді сапалы даярлау және үздіксіз біліктілікті арттыру – бұл олардың өз міндеттері мен тапсырмаларды тиімді орындауының негізгі құралдары, сондай-ақ қазіргі әлемнің жаңа сын-қатерлеріне қарсы тұруға дайын болудың кепілі. Еліміздің азаматтары құқығын жүзеге асыруда, заңды мүдделерінде құзырет шеңберіне қарай, ұйым­дарға, мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы. Сондықтан сіздің де егерде құқықтық біліміңіз бар болатын болса, заңды қадағалушы ұйымдарда еңбек етуіңізге болады. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру аясында адам құқықтары мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Елімізде Конституциялық Сот құрылып, Бас прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілді. Құқықтық мәселелер халық арасында зор маңызға ие. Сотта және мемлекеттік органдарда өз мүддесін сауатты қорғай алатын азаматтар ғана заң үстемдігіне негізделген күшті қоғам құра алады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin