Заң мен Тәртіп қағидасының жіті орындалуы — бұл Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық мемелекет екендігінің айқын көрінісі. Президенттің айтуынша, бұл – әрдайым мүлтіксіз орындалуға тиіс қағида. Осыған орай, нақты реформа жасалды.
– Еліміздегі заң үстемдігін қамтамасыз ететін аса маңызды институт – Конституциялық сот құрылды. Енді азаматтар қандай да бір заң өз құқығы мен бостандығына нұқсан келтіреді деп санаса, Конституциялық сотқа жүгіне алады. Екі жарым жыл ішінде бұл органның қарауына 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл халықтың жаңадан енгізілген конституциялық бақылау институтына сенімі жоғары екенін көрсетеді. Конституцияға қайшы көптеген норма құқықтық жүйеден алынды. Бұдан былай Конституциялық соттың шешімі мен құқықтық ұстанымы әділдік рухына сай келетін жаңа заңнамалық қолданыстың негізіне айналды, – деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Шымкентте есірткі жеткізу арнасы жойылды, – деп хабарлайды Jsk.kz. Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында есірткіге қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. «Қарасора — 2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді қалаға жеткізу арнасының жолы кесілді.Жедел іс-шара барысында Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Азаматшаның басқаруындағы көліктен салмағы 2 келіден астам синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.Сондай-ақ полицейлер синтетикалық есірткілерді байланыссыз жолмен өткізумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 200 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленіп алынды. Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіпсіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра алады. Заңды сақтау – әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі. Елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Бұл – бәріне бірдей бұлжымас қағида. Заңның сақталуы, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру – маңызды міндет. Дамыған қоғам жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке, бұзақылыққа жол бермейді.
Jsk ақпараттық агенттігі