• 10 сентября, 2025 10:36 пп

Шымкентте биыл есірткі жарнамалаған мыңнан астам интернет ресурс бұғатталды

Автор:admin

Авг 9, 2025

«Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда құқық қорғау қызметкерлері айрықша рөл атқаратыны белгілі. Өйткені Әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру ісінде тәртіп сақшыларына жүктелер міндет жүгі ауыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомат Тоқаев айтқандай, «Заң және тәртіп» қағидаты жаппай дәріптелуі тиіс. Осы мақсатта Шымкентте биыл есірткі жарнамалаған мыңнан астам интернет ресурс бұғатталды, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Есірткіні қолданудан болатын қылмыстар санының өсуіне оны насихаттайтын сайттардың тигізіп жүрген ықпалы аз емес екені белгілі. Мұндай мазмұндағы жарнамалардың ауқымын тоқтатудың басты жолдарының бірі – оларды бұғаттау. Соған сәйкес, Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұдайы түрде интернет желісінде есірткіні саудалайтын, оны насихаттайтын және жарнамалайтын парақшаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар осы мақсаттағы жұмыстарға кибер-еріктілер құрамы да жұмылдырылған. Бірлескен жұмыстар нәтижесінде биылғы 7 айда 1243 заңға қайшы мазмұндағы интернет сайттар, парақшалар мен каналдар анықталып, бұғаттау үшін ақпараттық жүйеге енгізілді. Айта кеткен жөн, көрсетілген парақшаларды жүйеге енгізген соң, оны бұғаттау сатысында арнайы мамандармен оларға саралау жүргізіліп, нақты әрі жеткілікті негіздер болған жағдайда бұғаттауға қорытынды келісім беріледі. Бүгінде тәртіп сақшылары осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үстінде. Қоғамдағы заң мен тәртіп — бұл адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттейтін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі қағидалар. Заң — бұл мемлекеттің шығарған ресми ережелері мен нормаларының жиынтығы, ал тәртіп — сол заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін жағдай мен жағдайларды білдіреді. Заң мен тәртіптің дұрыс үйлесімі қоғамның дамуына, адамдардың қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады.

Заң — мемлекеттің азаматтарының құқығы мен міндеттерін белгілейтін, сондай-ақ олардың әрекеттерін реттейтін негізгі құрал. Ол барлық азаматтар үшін бірдей, ешкімге артықшылық берілмей орындалуы тиіс. Заң шығарушы органдар қоғамдағы барлық саланы реттейтін нормативтік актілерді қабылдайды. Заңдар қоғамның әртүрлі салаларында әділеттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін қабылданады. Бұл, ең алдымен, қылмыстық, азаматтық, еңбек және әкімшілік құқық салаларына қатысты. Заңның басты мақсаты — қоғамдық қатынастарды реттеу, адамның құқықтарын қорғау және әділеттілікті орнату. Алайда, заң тек қағазда ғана жұмыс істемейді, оның тиімділігі тек адамдар оны ұстанған жағдайда ғана көрінеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin