• 9 сентября, 2025 11:03 дп

Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр   

Автор:admin

Авг 16, 2025

Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен, 28 шілде мен 8 қыркүйек аралығында республикалық деңгейде сауалнама толтыру акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар қала тұрғындарына зорлық-зомбылықтың қандай түрлері бар екенін, оны қалай тануға болатынын және көмек алу үшін қайда жүгіну керектігін түсіндірді. Ерекше назар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға аударылды, себебі олар көбінесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады. Сонымен қатар акция барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары мен жәбірленушілерді қорғаудың қолданыстағы механизмдері талқыланды. Азаматтарға зорлық-зомбылық қаупі төнген жағдайда қандай әрекет жасау керектігі және құқық қорғау органдарына арыз беру тәртібі түсіндірілді. Ұйымдастырушылар зорлық-зомбылықтың кез келген фактілері бойынша полиция бөліміне жедел жүгіну немесе «102», «111», «150» сенім телефондарына қоңырау шалу қажеттігін ескертті. Әрбір хабарлама маңызды және біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін! Қоғамдағы тәртіп бұзылған жағдайда адамдардың өзара сенімдері мен ынтымақтастығы бұзылып, арандатушылықтар мен қақтығыстар туындауы мүмкін. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтаудың маңызы зор.

Қазіргі қоғамда заң мен тәртіп — дамудың және әділеттіліктің кепілі. Олар қоғамды тиімді басқару үшін қажет. Заң мен тәртіпті бұзу қоғамда хаосқа, қылмыс пен арандатушылыққа әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті, заң мен тәртіптің орындалуы тек мемлекет үшін ғана емес, әрбір азамат үшін маңызды. Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы үшін әр адам өзінің құқықтары мен міндеттерін білумен қатар, заңды және тәртіпті ұстану арқылы елімізді жақсартуға өз үлесін қосуы керек. Заң жүзінде Қазақстан  Республикасының Конституциясының 1-бабы, 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары»,-делінген.  Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin