• 4 ноября, 2025 6:10 дп

Шымкент қаласының инфрақұрылым саласы жаңғыруда

Автор:admin

Авг 24, 2025

Шымкент қаласы еліміздің ең ірі мегаполистерінің бірі болып саналады. Қала халқының санының өсуіне байланысты инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында көптеген мемлекеттік қолдау шаралары қолға алынған. Шымкент қаласының әкімдігі бұл салада түйткілді мәселелерді  шешу үшін түрлі шаралар қабылдап, инженерлік инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген инфрақұрылымды жаңғыртудың кешенді тәсілі – маңызды бағыттардың бірі. Осы орайда цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізу арқылы бұл саланы тиімді басқаруға мүмкіндік бар. Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымы шаһар  халқының күнделікті өміріне және қаланың дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл инфрақұрылымға су, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз жүйелері мен автомобиль жолдары кіреді. Мегаполисімізде аталған бағытта қарынды жұмыстар үнемі атқарылып келеді. Атап айтар болсақ су және кәріз жүйелері Шымкент қаласының инфрақұрылымында басты орында. Қала тұрғындары үшін таза ауыз судың болуы өте маңызды. Осы мақсатта қалада су тарту желілерінің құрылысын жаңарту және ескі құбырларды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстардың нәтижесінде қаладағы су жүйелері біртіндеп жаңаруда және тұрғындарға судың сапасы мен тұрақты жеткізілуі қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, кәріз жүйелері де жаңғыртылып, ағынды суларды тазартуға арналған станциялар салынып, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар қолға алынған. Газбен қамтамасыз ету Шымкент қаласында жыл сайынғы қажеттілікті қанағаттандыру үшін маңызды бағыт болып табылады. Қалада газ тарту жұмыстары кеңінен жүргізіліп, жаңа тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар газбен қамтамасыз етілуде. Газ құбырларының сапасын арттыру, олардың ақауларын жою және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыстар жалғасып жатыр. Электр энергиясын жеткізу және жылумен қамтамасыз ету Шымкент қаласында өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қалада электр энергиясының тапшылығы жоқ, бірақ қаланың өсуі мен жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысын ескере отырып, электр қуатын жеткізу жүйелерін жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар, жылу жүйелері де жаңартылып, тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету жүйелері тиімдірек жұмыс істеуде. Әсіресе, қыс мезгілінде жылу тапшылығының алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin