• 20 сентября, 2025 12:06 пп

📌 МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Сен 20, 2025

 

Бүгін Түркістан облысына іс-сапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Айтуар Қошманбетов партияның облыстық филиалында «REWOMEN» әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесті.

🔹 Кездесуде депутат қоғамдағы әйелдердің айрықша рөліне тоқталып, олардың жауапкершілік пен еңбекқорлықты жоғары қоятынын атап өтті. «Respublica» партиясы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің құрылуы – осының айқын дәлелі. Айтуар Асқарұлы іскер әйелдерді партиямен бірлесе отырып, түрлі салаларда белсенділік танытуға, жаңа мүшелерді тарту арқылы партияға тың серпін беруге шақырды.

🔹 Мәжілісмен сонымен қатар, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы реформалар аясында әйелдерге ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда:
• сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастарға 30% квота енгізілді;
• мемлекеттік қызметтегі әйелдер үлесі 55,8%-ға жетті;
• Парламент пен мәслихаттардағы әйел депутаттардың саны айтарлықтай артты.

🔹 Кездесу соңында депутат жаңа мүшелерге партиялық билеттер мен арнайы төсбелгілерді табыстап, ашық пікір алмасты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыруда әйелдердің белсенді болуы қажет екенін айтып, Жасанды интеллект дәуіріне дайын болуға, жастарға үлгі болып, оларды қолдауға үндеді.

Автор: admin