Біздің шаһарымыз үшін бұл іс-шара мегаполис тұрғындарының құқықтық санасын арттыру бағытында, қоғамдық тәртіпті және заңды сақтау, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды іс-шараларадың бірі болып отыр. Іс-шара 14 қыркүйекке дейін жалғасады және оның нәтижелері мегаполистегі құқықтық мәдениеттің деңгейін айқындамақ. Бұл жедел-профилактикалық іс-шара тек қылмыстың алдын алу ғана емес, сонымен қатар қоғамда құқықтық сана мен заңға құрметті қалыптастыруға бағытталып отыр. Құқық қорғау органдары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, құқық бұзушылықтың кез келген түріне бейжай қарамауға шақырады. Әсіресе жастар арасында құқықтық мәдениетті күшейтуге баса назар аударылып отыр. Себебі, жас буынның құқыққа деген көзқарасы – болашақтағы тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі болмақ. Іс-шара барысында заң талаптарын бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылатыны және заңдық күшке ие болатыны жайында нақты аталып өтілді. Бұл ретте басты мақсат – жазалау емес, заңды түсіндіру және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Әрбір ереже – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және қабылданған заңды норма екені қала тұрғындарына осындай іс-шараларды өткізу арқылы жеткізілуде. «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы – Шымкент қаласының құқықтық мәдениетті нығайтудағы жүйелі жұмысының бір бөлігі. Бұл бастама тек уақытша профилактикалық шара емес, құқықтық сананы арттыруға, қоғамдық жауапкершілікті күшейтуге және қауіпсіз орта құруға бағытталған маңызды қадам. Әрбір тұрғынның заңға құрметпен қарауы – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның басты кепілі. Қалалық полиция департаменті тұрғындарды белсенді азамат болуға шақырады: өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заңсыз әрекеттерге куә болғанда дер кезінде хабарлауға және қоғамдық қауіпсіздікке үлес қосуға үндейді. Әрбір азамат құқықтық тәртіпті сақтау ісінде маңызды рөл атқарады. «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының негізгі мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстардың және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды дер кезінде анықтап, жолын кесу. Қалалық полиция департаменті бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, күнделікті бақылауды арттыруда. Тәртіп сақшылары саябақтарда, аялдамаларда, жолаушылар көп жиналатын орындарда рейд жүргізіп, азаматтардың қауіпсіздігін басты назарда ұстап отыр.
Jsk ақпараттық агенттігі
