• 5 ноября, 2025 8:25 дп

Шымкент қаласының Полиция департаменті тұрғындар арасында есірткіге қарсы күрес жүргізу профилактикалық іс-шараларын жүргізуде

Автор:admin

Сен 2, 2025

Шымкент қаласында есірткімен байланысты құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу шаралары күшейтілді «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы полиция департаменті қала аумағында есірткімен байланысты құқықбұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытында кешенді шаралар қабылдауда. Қабылданған шаралар нәтижесінде, өткен жылы полицейлермен есірткінің заңсыз айналымымен байланысты 541 қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тіркелгендердің 65-і есірткі заттарын өткізу, 13-і есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау, 35-і есірткі өсімдіктерін егу және тағы да басқа қылмыстар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабында (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) көзделген қылмыстық теріс қылықтың 410 дерегі анықталған. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде былтыр заңсыз айналымнан 157 келіден астам есірткі заттары тәркіленіп алынды. Оның 100 кг 599 грамы – марихуана, 17 кг 536 грамы – гашиш, 30 кг 622 грамы – синтетикалық есірткілер және қалғаны басқа есірткі түрлерін құрайды. Шымкент қаласы Полиция департаменті осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, ағымдағы жылы «Есірткісіз болашақ» қалыптастыру мақсатында аянбай еңбек ететін болады. Полиция департаменті тұрғындар арасында есірткіге қарсы күрес жүргізу, білім беру мекемелерінде профилактикалық жұмыстарды арттыру және құқық бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдау арқылы қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздеп отыр. Салауатты өмір салтының маңызды аспектілерінің бірі-есірткіден, темекі шегуден, алкогольден саналы түрде бас тарту. Жаман әдеттер кең таралуда, жыл сайын нашақорлық, алкоголь және темекі өнімдері «жасаруда». Мектепте және басқа оқу орындарында жаман әдеттердің алдын алу балаларға қол жетімді түрде және міндетті жүзеге асырылуы керек. Көптеген жасөспірімдер есірткі мен алкогольді стресстік жағдайдан аулақ болу тәсілі ретінде қарастырады. Осы бағыттағы жұмыстың жалпы мақсаты-баланы өз іс-әрекеттерін объективті бағалауға үйрету ғана емес (өз жасының ерекшеліктеріне сәйкес), оның мүмкіндіктері мен күштеріне деген сенімді дамыту, қиын өмірлік жағдайға тап болған кезеңде жауап беру және өз таңдауын дұрыс жасау.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin