• 16 ноября, 2025 8:21 пп

Шымкентте қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында іс-шаралар өтуде

Автор:admin

Окт 1, 2025

Мемлекет басшысы айтқандай, әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру керек. Бұл – барша азаматтың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғаудың мызғымас тірегі. Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырып, құқық қорғау жүйесін жетілдіру қажет. Бұл – ауқымы кең маңызды міндет. Біріншіден, біз «Заң және тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеуіміз керек. Қазақ халқы қай заманда да заңға бас иген, дала заңын сақтаған халық. Бұл – біздің қанымызға сіңген қасиет. Атадан балаға жалғасқан бұл заңдар мемлекеттілік дәстүрін нығайта отырып, қоғамдық дамуға ерекше ықпал еткен. Ұлы далада еркіндік пен әділдік, ар-намыс пен адамгершілік, тілеулестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұрған. Сондықтан «Заң және тәртіп» қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді. Біз ата-бабамыздың бірегей құқықтық мұраларын мұқият зерделеп, жан-жақты насихаттауымыз керек. Бұл – халқымыздың құ­қық­тық сана-сезімін арттыратын ма­ңыз­ды фактордың бірі. Заң – қысым көр­сетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бос­тандығының қорғаны. Біз осы ақи­қатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз қажет. Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына айналуға тиіс. Мемлекеттік аппарат пен бүкіл қоғам жұмылып жұмыс істесе, еліміз көздеген мақсатына жетеді. Озық ойлы ұлт болу үшін әдептілік, өзара құрмет, ұстамдылық, сыпайылық сияқты қасиеттерді барынша дәріптеген жөн. Азаматтарымыз әдеп пен заңды мәжбүрлікпен емес, саналы түрде сақ­тауы керек. Заң мен тәртіп басты құн­дылыққа айналса, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, есірткі саудасы, лудомания сияқты қатерлердің тамырына балта шабылады. Осы орайда Шымкентте қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді. Нәтижиесінде Шымкентте “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында 1582 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты — қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу болып табылады. “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағында 63 қылмыс тіркеліп, оның 43 ашылған, ашылу пайызы 68,2%. Атап айтсақ, іздеуде жүрген 8 қылмыскер, “Нелегал” есебінде тұрған іздеуде жүрген 14 тұлға ұсталған. Есірткі заттарды сақтау және алып жүрген — 10 жайт, әкімшілік құқық бұзушылық — 1582, ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін — 11 жайт, ұсақ бұзақылық жасаған үшін — 10, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша — 89 жайт анықталды. Әкімшілік қадағалауды туралы заңнамасын бұзу — 6 жайт, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу — 10, қарсы бағытқа шығу -24 жайт, масаң күйде автокөлікті басқарғаны үшін — 8 жайт анықталды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin