• 16 ноября, 2025 6:21 пп

Шымкентте полиция ет сататын орындарды тексерді

Автор:admin

Окт 2, 2025

Шымкентте полиция ет сататын орындарды тексерді, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және департамент бастығының нұсқауына сәйкес, мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, Шымкент қаласы ПД құрылымдарымен арнайы топтар құрылды. Олар мал ұрлықтарының алдын алу және жолын кесу, тасымалданатын малдың кімге тиесілі екенін анықтау, мал және ет өнімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктерге және ет өнімдерін сату, сонымен қатар мал соятын жерлерде тексерістер ұйымдастыруда. Іс шара барысында 18 шаруа қожалықтар және 64 ет сататын орындар, 12 мал тасымалдаушы автокөліктер және мал сою орындарына тексерулер жүргізілді. Полиция барлық қызмет салалары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылып, қарқынды жұмыс жасауға көшті. Сондай-ақ ветеринария саласымен бірлесіп, құжатсыз төрт түлік малды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған тиісті сертификаттардың бар-жоқтығын анықтап, тексеріп жатыр. Нәтижесінде, жалпы жыл басынан бері 147 әкімшілік хаттама толтырылған. Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет. Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға және азаматтардың құқығын қорғауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қазір дүние жүзі алмағайып, бұлыңғыр, яғни, өте күрделі кезеңді бастан өткеруде. Осындай құбылмалы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету – айрықша маңызды міндет. Сол себепті, бүгін біз алғаш рет осындай құраммен жиналып отырмыз. Құқық қорғау жүйесіндегі барлық жауапты құрылымдар жұмыла жұмыс істеуі қажет. Елімізде «Заң мен тәртіптің» қатаң сақталуына қоғам өкілдерінің қосар үлесі де орасан зор. Қазір осы жиынға орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары, депутаттар, сарапшылар және белсенді азаматтар қатысып отыр. Күштік құрылымдарды жаңғырту ісінде жаңа буынның атқаратын рөлі ерекше. Соңғы жылдары елімізде барлық салада ауқымды реформалар жасалып жатыр. Мемлекеттің саяси жүйесі мен экономикалық құрылымы түбегейлі жаңғыруда. Ел ішінде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді. Азаматтық жауапкершілік идеологиясы берік орныға бастады. Бұл – біздің стратегиялық бағдарымызға тән аса маңызды басымдық. Мемлекет құқық қорғау жүйесін жетілдіруге және барлық салада заң мен тәртіп орнатуға баса мән береді. Осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin