• 16 ноября, 2025 11:47 дп

Шымкентте полицейлер ірі алаяқтықтың бетін ашты

Автор:admin

Окт 9, 2025

Қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі ең алдымен заң мен тәртіптің мызғымас болуына байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде айтқан сөзі – осы бағыттағы нақты бағдар. Қазіргі қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында басқарушы органдар алдына әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін қойды. Бүгінде Қазақстанда Үкімет бұл жұмысты кешенді түрде жүргізуде: қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлы технологиялар енгізілуде, заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайтылуда. Президент атап өткендей, заң — қысым жасау құралы емес, ол – әр азаматтың құқығы мен бостандығының сенімді қорғаны. Қоғамда әділеттілік орнауы үшін заң үстемдігі барлық деңгейде қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте тек мемлекеттік аппарат емес, бүкіл қоғам болып жұмыла жұмыс істегенде ғана біз көздеген биік мақсаттарға жете аламыз. Цифрлы технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Бейнебақылау желісі бүкіл ел бойынша кеңейіп келеді: 19 мыңнан астам камера бет-әлпетті тануға, қараусыз қалған заттарды түсіруге және тіпті көлік ағындарын талдауға қабілетті жасанды интеллектімен жабдықталған. Бұл жүйелерді Жедел басқару орталықтарымен біріктіру орын алған оқиғаларға нақты уақыт режимінде әркет етуге мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері заманауи планшеттер мен смарт-жетондармен жабдықталуда. Бұл олардың жылдам әрекет етуіне және қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Азаматтарға қолайлы болуы үшін «102» мобилді қосымшасы іске қосылды, сондай-ақ eGovMobile мен екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында «Заң және тәртіп» қызметі пайда болды. Енді кез келген азамат құқықбұзушылық жайлы «бір батырма» арқылы хабарлап, қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты жеңілдете алады. Осы орайда Шымкентте полицейлер ірі көлемде ақша жымқырған күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Қала тұрғыны өзін банк қызметкерлеріміз деп таныстырған белгісіз тұлғалардың қоңырауына алданып, полицияға жүгінген. Алаяқтар азаматшаның атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, сеніміне кіріп, өз нұсқауларын орындауға көндірген. Нәтижесінде алаяқтар жәбірленуші мен оның жұбайының атына бірнеше банктен несие рәсімдетіп, тіпті олардың үйі мен автокөлігін төмен бағамен сатуға көндірген. Келтірілген жалпы материалдық шығын 25 миллион теңгеден асты. Тергеу барысында жәбірленушілер қаражаттың бір бөлігін алаяқтардың нұсқауымен белгісіз шоттарға аударғаны, ал қалған соманы үйіне келген курьерге беріп жібергені анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды Алматы және Шымкент қалаларында анықтады. Қаскөйлер ұрланған қаражатты Шымкенттегі айырбастау пункті арқылы Грузияға аударған. Полицейлер екі күдіктіні ұстады. Алаяқтық жайты бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Полиция азаматтарға өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырған бейтаныс адамдардың қоңырауына сенбеуді, жеке деректер мен құпия кодтарды ешкімге айтпауды ескертеді. Күмән тудырған қоңыраулар түскен жағдайда бірден полицияға жүгінгеніңіз абзал.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin