• 16 ноября, 2025 6:33 дп

Шымкентте «Учаске» профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде өткізіліп келеді

Автор:admin

Окт 15, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіпті» берік орнықтыру үшін көп уақыт пен күш-жігер қажет екенін айтқан болатын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мен бұл қағиданы тереңірек түсінемін. «Заң мен тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты. Бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату туралы айтып отырған жоқпыз. «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру» деген болатын. Осы орайда Шымкент қаласында учаскелік инспекторлар тұрғындармен жедел байланыс орнату мақсатында заманауи коммуникациялық арналарды белсенді пайдалануды жалғастыруда. Мессенджердегі ортақ чаттар арқылы тұрғындар қоғамдық тәртіп бұзушылықтар туралы тікелей хабарлай алады. Бұл бастама өз тиімділігін көрсетіп, қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кеңінен қолданылып келеді. Мысалы, тұрғындардың бірі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге құрылыс қалдықтарының заңсыз тасталғаны туралы чатқа хабарлама қалдырған. Учаскелік инспектор бұл мәліметке жедел әрекет етіп, құқық бұзушыны анықтады. Азаматқа қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, құқық бұзушы құрылыс қалдықтарын арнайы орынға шығарып тастады. Тұрғындар учаскелік инспектордың жедел әрі тиімді жұмысына ризашылығын білдірді. Тәртіп сақшылары мұндай шаралар халықтың сенімін арттырып, құқықтық тәртіптің нығаюына ықпал ететінін атап өтті. «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның аясында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс атқарып, қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мемлекет құқық қорғау жүйесін жетілдіруге және барлық салада заң мен тәртіп орнатуға баса мән береді. Осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік. Қылмыстық құқықбұзушылық саны шамамен екі есе азайды. Соның ішінде қарақшылық, тонау, ұрлық пен бұзақылық деңгейі 4 есе төмендеді, ал кісі өлтіруге қатысты қылмыстар 30 пайызға кеміді. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 80 пайызға азайды. Бұл – азаматтарымыз көшеде ештеңеден қауіптенбей, алаңсыз жүре алады деген сөз.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin