• 16 ноября, 2025 5:02 дп

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесті

Автор:admin

Окт 17, 2025

«Заң мен тәртіп»  – мемлекеттік құрылымның басты қағидаты. Бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату туралы айтып отырған жоқпыз. «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз. Сондықтан біздің міндетіміз  – осы қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру,  – деген болатын Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Сондықтан қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет екені күн өткен сайын айқындалып келеді. Заң, тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам салтанат құрған елде әділетсіздікке қашан да орын жоқ. Жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел.  Жалпы, кейінгі жылдарда қолға алынған шаралар қоғамда заң мен тәртіпті басты қағидаға айналдыруды көздейді. Өйткені заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі. Президент қазіргі таңда бұл қағидат сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асырылып жатқанына айрықша назар аударды. Жастардың еркін білім алуы, интернетке қолжетімділігі және әлеммен ашық байланысы да – мемлекеттің прогрессивті бағыты екенін атап өткен жөн. Осы ретте Мемлекет басшысы жас­тарды заңға бағынатын, әділетті, адал ұрпақ ретінде тәрбиелеу ісіне айрықша тоқталды. Президент аталған іс ата-ана, мектеп және мемлекеттің ортақ міндеті екенін айтып, бұл бағытта жүйелі қадамдар қажеттігіне назар аударды. Аталған ауқымды жаңғыртулардың бәрі Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстан құруды көздейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұлттық идео­логия екенін айтты. Әр қазақстандық осы идеологияға табан тіреп әрекет етсе, көздеген мақсатымызға қол жеткі­зетініміз анық. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қолданыстағы Конституцияның орасан зор әлеуеті маңызды заңдар мен арнайы жоспарлар қабылдау арқылы іске асырылып жатқанын тілге тиек етті. Бұл ретте адам саудасына және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тура­лы нормалар ерекше мәнге ие. Бізге Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Соқтықпалы, соқпақты тар кезеңнен өттік. Ал осы Тәуелсіздік жолында қаншама жан құрбан болды. Алаш арыстарының күрескерлік ғұмыры бір бөлек әңгіме. Осы мақсатта «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қаладағы №25, №65 және №148 мектептерінің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында полицейлер 300-ден астам жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды мәселелерін талқылады және құқықтық салдарын түсіндірді. Өз кезегінде полицейлер қорқыту, есірткі қылмыстары және басқа да құқық бұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Сондай-ақ полицейлер бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде абай болу және интернеттегі алаяқтардан сақ болу туралы кеңес берді. Полицейлер атап өткендей, қауіпсіздік сабақтары жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруда, қауіпсіз қоғамды қалыптастыруда және полиция жұмысына деген сенімді арттыруда маңызды қадам болды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin