• 4 ноября, 2025 9:16 пп

“АҚБҰЛАҚ” АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ — ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЕКІ ЫҢҒАЙЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІН ШЕШТІ

Автор:admin

Ноя 4, 2025

 

Жаңа оқу жылын Ордабасы ауданы, Ақбұлының ауылының оқушылары “Келешек мектептері” бағдарламасы аясында салынған жаңа білім ордасымен бастады. Ұлттық жоба арқылы бой көтерген мектеп аудандағы ыңғайластырылған қос мектептің мәселесін шешті.

“Болашақ” мектебі — 2007 жылы асар тәсілімен салынды. Ол кезде 6 бөлмеден тұратын білім ұясында 1-9 сынып аралығында 200-ге жуық бала білім алатын. Жоғары сынып оқушылары 3,5 км қашықтықтағы көрші ауылға тасымалданып оқитын. Сонымен қатар 2,5 км жердегі саманнан 1969 жылы салынған “Қарабастау” бастауыш мектебінде жүзден астам бала білім алатын. 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алында “Келешек мектептері” бағдарламасы арқылы жаңа еңселі мектеп салынып, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап ыңғайластырылған “Болашақ” және “Қарабастау” бастауыш мектеп оқушылары мен ұстаздары толығымен жаңа ғимаратқа көшірілді.

Бүгінде Келешек мектебінде 319 оқушыға 36 мұғалім білім береді. Екі қабатты ғимаратта 28 оқу кабинеті, СТЕМ кабинет, робототехника, спорт зал мен 80 орынды асханасы, АКТ залы бар. Сондай-ақ, кітапхана мен медициналық кабинетпен жабдықталған. Тіпті инклюзиялы білім алатын балаларға жедел сатымен қамтамасыз етілген.

Заманауи жабдықталған сыныптар, кең спорт залы, пәндік кабинеттер – оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалғанының айғағы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан облысында барлығы 29 «Келешек мектебі» салынып жатыр. Өткен жылы 13 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы жаңа оқу жылында тағы 10 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін 6 келешек мектеп балалар игілігіне беріледі.

Автор: admin