• 11 ноября, 2025 5:05 пп

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН — АЛУҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ ЖОБА

Автор:admin

Ноя 11, 2025

ЖАЙЛЫ САУАТТЫ АРТТЫРУ ЖОБАСЫ

 

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және дамыту, сонымен қатар білім алушыларды қоғамдық, ерікті қызметке тарту, олардың қоғамдағы жауапкершілік сезімін арттыру және әлеуметтік қатысуын ынталандыру көзделген.

«SAQ-2024» жобасы оқытудың инновациялықкомпоненттерін енгізумен қатар білім беру бағдарламасында сертификаттық құрамының бар болуымен ерекшеленеді. Заманауи цифрлықтехнологияларды, ынталандыру жаттығулары мен ойындарды пайдалану оқушылар мен мұғалімдергематериалды жақсырақ түсініп, игеруге, соныменқатар төтенше жағдайлар кезінде әрекет етудағдыларын іс жүзінде жүйелі түрдеұйымдастырылатын оқуда бекітуге көмектеседі.

Ең бастысы, мектептегі төтенше жағдайдың алдын алу, салдарларын төмендету бойынша оқу құрал: мектептегі сын көтермейтін осал тұстардыанықтау және қауіптерді бағамдау, төтенше жағдайлардың түрлеріне қарай әрекет ету хаттамалары; қауіпсіз мекендерге жиналу және эвакуациялау жоспары; мектеп қызметкерлерінің арасында рөлдерді және міндеттерді бөлу т.б. аса маңызды бағыттарды нақтылау жолға қойылады.

Төтенше жағдайлар кезінде қорғаныс саласындағы заң жүзіндегі механизмдер туралы ақпараттар, нормативті-құқықтық актілерге шолу: қауіпсіздік саласындағы білім беру мекемелерінің міндеттері; жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі құзырлы органдармен басқа да қызметтермен бірлесе жұмыс жасау аса маңызды. Қауіпсіздік мәдениеті бойынша орта және жоғары сынып оқушыларын және мектеп мұғалімдерін оқытуға арналған скрипттер, сабақ сценарийлері және таныстырылымдар қамтылған. «Мектептің қауіпсіздік жоспарын» әзірлеу бойынша ұсыныстар мен дайын үлгілер де ескерілген.

Жоба шеңберінде 7 мектептің 15 мұғалімі 5585 оқушысына білім берілген. 270 оқытушы мен техникалық қызметкерлер сауаттандырылып, 87 волонтер қалыптасқан. Онлайн білім беру форматы бойынша 20 аймақтағы 48 мектеп пен 1 колледждің 182 мұғалімі оқытылған. Төтенше жағдайға қатысты онлайн білім берудің арқасында 17 225 оқушы күтпеген оқиғаларға дайындықтарын шыңдаған.

Автор: admin