• 15 ноября, 2025 9:02 дп

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫ МЕН МҰЗ АЙДЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

Автор:admin

Ноя 13, 2025

Бүгінде жергілікті халықтың қысқы демалысын тиімді өткізу мақсатында ашық аспан астындағы мұз айдындарын ұйымдастыру жұмыстары басталды. Қала аумағында екі үлкен мұз алаңы жеке кәсіпкерлердің бастамасымен салынады. Бірінші мұз айдыны Байтұрсынов көшесі бойындағы Спорт сарайы жанында орналасады. Мұз алаңының көлемі – 550 м² (34х17 метр). Ай сайын келушілер саны шамамен 20–30 мың адамға жетеді деп жоспарлануда. Екінші мұз айдыны Арбат аллеясында бой көтереді. Мұз алаңының көлемі – 1830 м² (150х12,5 метр). Ай сайын келушілер саны 50–60 мың адам шамасында болады.

Бұл бастама қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы әрі қауіпсіз қысқы демалыс аймақтарын ұсынуға, сонымен қатар мегаполистің спорттық және мәдени өмірін жандандыруға бағытталған.

Автор: admin