• 27 ноября, 2024 9:32 пп

ШЫМКЕНТ:  ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН  51 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ

Автор:admin

Авг 1, 2022

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылы «Жайлы тұрғын үй» бағдарламасы іске қосылады. Оны іске асыруға 2025 жылға дейін қоса алғанда қаржыландырудың барлық көздерінен 1,95 трлн теңге бағытталады. Оның ішінде 2022 жылы – 514,2 млрд теңге, 2023 жылы – 232,9 млрд теңге, 2024 жылы – 335,7 млрд теңге, 2025 жылы – 383,7 млрд теңге жоспарланған.

Осының есебінен 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй үшін 237 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде ауылдық жерлерде 110 мың учаске және облыс орталықтары мен шағын қалаларда 125 мың учаске.

ИДМ болжауынша, осы жылдан бастап жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау көзделетін болады. Отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар 185 адам аталмыш қолдауға ие болады. Жоба үшін учаскелерді және жылжымайтын мүлік көлемінің 50% сатып алу немесе жалға алу бойынша кепілдендірілген «офтейк-келісімшарттарды» ұсыну арқылы жеке құрылыс салушылардың инвестициялары тартылатын болады.

Бұдан басқа, тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы әкімдіктердің әлеуметтік кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жалғастырады. Нәтижесінде кезекте тұрғандар үшін 86 мыңнан астам пәтерлі болады.

Отбасы банкі арқылы халықты 2% және 5% жеңілдікпен кредиттеу жалғасады. Ол үшін 400 млрд теңге бөлінеді. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табысы бар 63 мың адам қолдауға ие болмақ.

Жалпы, кезекте тұрған 404 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкін болады.

Бұдан басқа, «ескі кварталдарды» реновациялау бағдарламалары қабылданады және тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтау жөніндегі шаралар іске асырылады.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев мәлімдеді.

– Шымкент қаласының құрылыс басқармасы негізгі ірі құрылыс нысандарына жұмыс тапсырушы болып табылады. Оның ішіндегі негізгі нысандардың бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады. Шымкент қаласында тұрғын үйге сұраныс өте жоғары екендігін ескере отырып, биылғы жылы 2 972 пәтері бар 51 тұрғын үй салынуда және жылдың аяғына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр, — деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, Шымкент қаласының құрылыс басқармасына 2022 жылы бюджет есебінен жалпы құны 56,8 млрд. теңгені құрайтын 90 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 31 кредиттік тұрғын үй және 20 арендалық тұрғын үй салынуда.

Сонымен қатар, Инженерлік инфрақұрылым бойынша  15 нысан (Тұран ш/а 5 жоба, Бозарық ш/а 6 жоба, ӘІО 2 жоба және Жанаталап т/а 2 жоба) жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша 13 нысанның (4 спорт нысаны, 3 мәдениет нысаны, 2 саябақ, 2 өрт сөндіру нысаны, 1 биотермиялық шұңқырдың және 1 денсаулық сақтау құрылысы) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде, 1 саябақ, 2 спорт нысаны, 1 өрт сөндіру нысаны және 1 биотермиялық шұңқырдың құрылысын биылғы жылы аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, 8 мектеп құрылысы, 1 колледж, 1 оқушылар сарайы және 1 балалар шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілуде. Жылдың аяғына дейін 5 мектеп, 1 колледж және 1 балалар шығармашылық орталығын пайдалануға беру жоспарлануда.

Jsk ақпарат

Автор: admin