Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штаб төрағасының Ордабасы ауданындағы кезекті кездесуі аудандық полиция басқармасының қызметкерлері арасында ұйымдастырылды.
Әділдік пен туралық дәріптелген жиында сөз алған Ерұлан Тұңғышбаев Мемлекет басшысы 2020 жылы қол қойған ‘Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізген өзгерістерге айрықша тоқталып өтіп, жаңа Заңның шеңберінде Қылмыстық кодекске «қылмыс жасауға арандату» деген 412-1-бап енгізіліп, ол бойынша бұдан былай құқық қорғаушылар қылмысты әшкерелеу мақсатында адамды қылмыс жасауға көндіріп, арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Сондай-ақ, құқық қорғаушыларға көрілетін жаза түрі қатаңдатылғанын атап өтіп, жиынға қатысушыларды ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет етуге шақырды.