• 27 ноября, 2024 4:50 дп

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ОҢ ӨСІМДЕР БАР

Автор:admin

Авг 3, 2022

   Халықты жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздықты қысқарту мәселесінде кәсіпкерлік маңызды рөл атқарады. «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздықты қысқарту мәселелерінде  кәсіпкерлік маңызды рөл атқарады. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін өзекті, олардың саны бүгінгі күні 2,1 млн адамды құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы біз оларды заңдастыра аламыз, яғни олардың қызметін заңды қыламыз, ең бастысы адамдардың осы санатын тұрақты жұмыспен және табыспен қамтамасыз ете аламыз. Сондықтан, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік бастамаларды дамыту бойынша жеке бағыт іске асырылады. Бағдарлама бағытының мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және жұмыссыздарға жеңілдік шарттарында шағын несие беру арқылы оларды кәсіпкерлік қызметке тарту болып табылады», — деп мәлімдеген Біржан Нұрымбетов бұл қадам ауылдық жерлерде жұмыс орындарын құруға (мысалы адам несие алып өзін жұмыспен қамтиды және жаңа жұмыс орындарын құрады), ауылда жеке ісін ашқысы келетіндер үшін қаржылық ресурстарға қолжетімділікке, ауылда шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беретінін келтірді.

Бағдарлама шеңберінде шағын несиелер жеке істі ұйымдастыруға және кеңейтуге 3 млн теңге дейін; оралмандар мен қоныс аударушылар үшін 5 млн теңгеге дейін; жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға 6 млн теңгеге дейін табысталмақ. Соңғы несие алушылар үшін шағын несие 6 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылдан аспайтын мерзімге берілмек. Бұдан басқа, негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі ұсынылмақ. Қала әкіміне кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2022 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда: өнеркәсіп 10,1%, өңдеу өнеркәсібі 11,1%, инвестиция 19,5%, ШОБ субъектілері 26,4 %, бөлшек сауда 14,9 пайызға өскен.  Биыл өнім көлемі 856,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған. 2022-2026 жылдар арасында 228 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болса, соның 50-і биылғы жылдың үлесінде. Оның ішінде инвестиция көлемі 52,8 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба бар.  Өңірлер арасында іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес саны бойынша Шымкент алғашқы орында; ЖӨӨ ШОБ үлесі бойынша үшінші орында; ШОБ-те адам саны бойынша төртінші орында болса; ШОБ өндірілген өнім көлемі бойынша алтыншы орынға тұрақтаған.  Есепті тыңдаған қала әкімі — алдағы жылдары жоспарға қойылған жобаларды кеңінен зерделеуді, индустриалды аймақтардағы кәсіпкерлік нысандарына талдау жүргізуді, өндірістік парктердің тиімділігіне талдау жасауды, көшпелі сауда орындарын бақылауға алуды тапсырды.

Jsk ақпарат

Автор: admin