Қазақстанның автожол саласын ілгерілету үшін Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы әзірленген болатын. Биылдан бастап аталған бағдарлама «Қуатты өңірлер: ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына айналады. Б.Камалиевтің айтуынша, ақылы жүйе автожолдарды нормативтік күтіп ұстау үшін енгізіліп жатыр, аталған жүйе шығындарды толық көлемде жабуға және республикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін ақылы жүйені республикалық желідегі автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына енгізу көзделген. Сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 100%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілмек.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, бүгінде республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1 738 қызмет көрсету нысаны бар, олардың 1 093-і немесе 63%-ы Шымкентте биыл жол инфрақұрылымын дамыту үшін 352 шақырым көшеде жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 283,8 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған. Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. 1-кезеңге сәйкес Өтегенов көшесінің жалғасы “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 метр, ені — 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. 2-кезең бойынша Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жолдың ұзындығы — 970 шақырым, ені — 23,5 шақырым. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған. Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығына жоспарланған. Шымкент қаласының әкімі бүгінгі құрылыс нысандарын аралау барысында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше көшеге барып, жұмыс барысын қадағалады. Шымкент қаласындағы Ақжайық шағын ауданында орналасқан Ақжирен, Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, №10 Сәйгүлік жалғасы көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш шағын аудан бойынша жалпы ұзындығы 2,5 шақырым жол жөнделеді. Қазіргі таңда Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, Ақжирен көшелерінде жол негіздемесі және асфальтбетон жамылғысы төселіп, аяқжол орнату жұмыстары жасалуда. №10 және Сәйгүлік көшесінің жалғасында асфальтбетон жамылғысының бірінші қабаты төселіп, екінші қабаты төсеу жұмыстары атқарылуда.
Jsk ақпарат