• 24 ноября, 2024 7:23 пп

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАС ПАТРИОТ – 2022» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

Автор:admin

Авг 9, 2022

Шымкент қаласында «Жас сарбаз» сыныптары арасында «Жас патриот – 2022» атты бірінші әскери-патриоттық жиын басталды. Екі күн бойы жалғасатын іс-шараны Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қалалық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Қазақстан. Ұлан-байтақ, ұшы-қиыры жоқ неткен байтақ ел едің сен! Сенің айдын шалқар көлдерің мен мөлдір бастау қайнарларыңнан сарқырай аққан тасқынды өзендеріңнен, алып тауларың мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайларыңнан, ұлан-ғайыр далаңның кеңдігінен мен бастау алған жоқ па ем?! Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата-бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттерін көргенде қалайша толқымассың?! Дана бабаларымыздың ең асыл армандарының бірі – туған жерден топырақ бұйыртса деп, тағдырынан егіле, езіле тілейтін аңсарында қандай ғажайып бір астар бар екенін есіме еріксіз түсірем. Туған Отан сезімі сана төріне сан түрлі ой, толғам толқынын әкеледі. Көз қуанышы, көңіл шуағы етіп жаратқан жер жанатты Жетісу мен көгілдір Көкше, Баянауыл мен Қарқаралы, Алтай мен Атырау, Сарыарқа сынды алып аймақты бауырына басып, Сыры Мен Ілесін, Шуы мен Жайығын, Ертісі мен Есілін ағызған алып қазақ даласы – ер жүрек ата-бабаларымыздың бізге аманат етіп тастаған ұлы Отаны.

–Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өйткені, ол тек әскери тәртіпке ғана емес, білімге, достық пен адалдыққа және тапқырлыққа жетелейтіні мәлім. Ал, бүгінгі жиынның мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ел мен жер болашағына деген жауапкершілікті сезіндіру, – деді жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов.  Сонымен қатар  ашылу салтанатында республикалық «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Ринат Мадияров және «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Онбаев сөз сөйлеп, жиынға қатысушы жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатынан кейін қатысушыларға арналған шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Айта кетейік, бұл жиынға Шымкент қаласындағы 25 орта мектептен 100-ге жуық оқушы қатысып жатыр. Оқушылар екі күн бойына кермеге тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, пневматикалық винтовкамен ату, қорғаныс және әскери киімдерді жылдам кию, 100 метрге жүгіру және әскериленген эстафета бойынша бақ сынайды.

Jsk ақпарат

Автор: admin