Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Достық үйі» ғимаратында «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу және медиация рәсімдерін өткізудің өзекті технологиялары» тақырыбындағы екі күнге созылған семинар-тренинг өз мәресіне жетті.
Семинар-тренингке қатысқан қаладағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімдіктерінің, этносаралық қатынастар саласына жауапты және салалық басқармалардың, құқық қорғау органдарының, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлеріне, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен медиаторларға жиын соңында ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар табысталды.
#Бірлікдамуүшін
#ҚоғамдықКелісімБаспасөзҚызметі