• 25 ноября, 2024 3:17 пп

ШЫМКЕНТ: ТЕКЕСУДА САПАЛЫ  АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ  

Автор:admin

Сен 4, 2022

2050 стратегиялық бағдарламасы әлемдік қауым­­­дастықта өзінің айшықты орнын иеленген тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі және сырт­қы сая­сатына экономикалық әлеуметтік-мә­дени дамуына тікелей ықпал ететін оның әлеуеттілігін қамтамасыз етіп, тұрақты түрде алға жылжуын бағдарлайтын негізгі бағдарлама. Тарихи кезеңмен салыстырғанда аз ғана уақыт ара­лығын­да ғасырлық жолдарды жүріп өткен, уақыт сынында шыңдалған еліміздің жарқын болашағын бағдарлаудағы аса маңызды стратегия ретінде қоғамға үлкен қозғау салды, тың серпін берді. Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуы күн санап дамып қарыштап келеді, адам құ­қықтары саласындағы жаңғыртулар жоғарғы ха­лықаралық өлшемдерге жақындап келеді. 2050 жылға дейінгі стратегиялық мұраттарымыз бен кешенді ұлттық жоспарларымыздың белгі­ле­нуі тарихи сипатқа ие болып отыр. Қазақстан 2050 стратегиясы еліміздің эконо­микалық, әлеуметтік және саяси дамуының нақты жолдарын көрсетіп, болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін белгілеп берген тарихи құжат. Бұл бағдарламадағы қарастырылған мәселелер тек еліміз үшін ғана өзекті емес әлемге, планетаға ортақ көкейкесті проблемалар екені шындық. Сондай-ақ, бұл стратегияда осындай толғақты мәселелердің түйінін тарқатудың, шешімін табу­дың жолдары көрсетілген. Бүкіл әлемге өзек­ті болып отырған энергия, су тапшылығы табиғи апаттар, қаржылық дағдарыс оны шешу жолдары жан-жақты қарастырылған. Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарайықшы онда жершарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұның бәрі – сұйық күшіндегі су.Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады.Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Табиғатта қоспасы жоқ, тап – таза су дегенді таппайсың. Таза суды тек лабараторияда ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организімге қажетті тұздар да болмайды. Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Текесу елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінде   ұзындығы 13,8 шақырымдық су құбырының бүгінде 12 шақырымы орнатылып қойды. Жалпы құрылыс жұмыстары биыл ғана басталған болатын.  Қазір құрылыс жұмыстарының 80 пайызы  аяқталды. Белгіленген жоспар бойынша    жұмыс жыл соңына дейін толығымен  аяқталып, нәтижесінде 200 тұрғын үй сапалы ауыз суды пайдаланады. Сондай-ақ, жыл  соңына дейін  Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылысы да  аяқталмақ.  Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin