• 25 ноября, 2024 10:21 дп

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТУ ҮШІН  15  НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҮРУДЕ

Автор:admin

Сен 6, 2022

Газ саласы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын иеленіп отыр. Сонымен бірге еліміз газды жылдан жылға көбірек тұтынуда.  Бірақ, газ өндіру қарқыны оған сай емес. Өнеркәсіп өндірістерін газға көшіретін жаңа жобалар іске қосылуда. Көгілдір отын жағатын тұрғындар саны  көбейіп келеді. Сондықтан газға деген сұраныс арта түседі. Осы сұранысқа сай әрдайым ұсыныс болуға тиіс. Шымкентте 81 елді мекен бар болса, соның 31-і табиғи газбен жартылай қамтылған. Ал 8 елді мекенге газ тартылмаған. Бүгінде халықты толықтай көгілдір отынмен қамту үшін қаладағы 15 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды.

Брифингте осылай деген қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков жыл соңына дейін бірнеше нысанның құрылысы аяқталатынын жеткізді. “Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2 кезек, Сәуле елді мекендері  және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталатын болады.  Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады”,-деді ол.

Шымкент қаласы тұрғындарының 93% табиғи газбен  қамтылған болса, биыл бұл көрсеткіш 94,7%-ға артады. Өнеркәсіп саясатында Қазақстан әлемдік нарықтардағы конъюнктураға тәуелді емес экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға баламасыз бағдар ұстанады. Осы міндетті шешу үшін Қазақстанда 2010 жылдан бастап жоғары өнімді және экспортқа бағдарланған өңдеуші өнеркәсіпті құруға бағытталған жаңа проактивті индустриялық саясат кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бүкіл экономиканы әртараптандырудың катализаторы мен негізі ретінде мемлекеттік индустрияландыру саясатының басты мақсаты өңдеуші өнеркәсіптің ел экономикасының негізгі драйвері ретінде дамуы мен қалыптасуы үшін жағдай жасау болып табылады. Өңдеуші сектордың орнықты өсуі мен бәсекеге қабілеттілігіне технологиялық прогрессивті өнеркәсіп құру, кейіннен жаһандық нарықтарға шыға отырып, орта, жоғары технологиялы өнім құруға бағдарланған жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі қорларын трансформациялау және цифрландыру жолымен қол жеткізілетін болады. Мәселен, индустрияландыру жылдарында өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығару өсімінің озық қарқынына қол жеткізілді, еңбек өнімділігі 1,3 есеге өсті, сала кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар ағыны 2,1 есеге ұлғайды. Қазақстанда бұрын өндірілмеген 500 жаңа өнім түрінің өндірісі игерілді: жүк және жолаушылар вагондары, электровоздар, жүк, жеңіл автомобильдер мен автобустар, трансформаторлар, рентген аппаратурасы, жарықдиодты жарық шамдар, титан құймалары және қорытпалар, дәрілік заттар, сүт өнімдері және басқалар. Қазақстанда өндірілген және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті тауарлар саны артты, оның ішінде: бу турбиналары, мыстан жасалған бұйымдар, радиаторлар, аккумуляторлар, сусындар, кондитерлік бұйымдар және т.б. Сапалы индустриялық серпіліс жасау және бәсекеге қабілетті өңдеуші өнеркәсіп құру үшін, әсіресе геосаяси жағдай мен жаһандық сауда қақтығыстары шиеленіскен жағдайда, бизнес пен мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтауды және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуды ескере отырып, дәйекті әрі сараланған мемлекеттік саясат жүргізу талап етіледі.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin