• 23 ноября, 2024 8:26 дп

Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ 2020 жылдың қызметі туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық ақпарат

Автор:admin

Мар 26, 2021

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ 2020 жылдың қызметі туралы

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық ақпарат

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қарашадағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі ережелеріне (бұдан әрі — Ереже) сәйкес жүзеге асырылды. 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шымкент қаласы  аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі — Департамент) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. 

  1. Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) Кадр мәселелері

2020 жылы Департамент қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған. Департамент қызметкерлері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының талаптарын үнемі сақтайды. Лауазымдық функцияларды жүзеге асыру кезінде департаменттің мемлекеттік қызметшілері тарапынан мүдделер қақтығысы фактілері болған жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша департамент бір мемлекеттік қызмет көрсетеді:

-энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру (рұқсат беру құжаты болып табылмайды).

Аталған мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес көрсетіледі.

Есептік кезеңде Департамент 4 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.

3) Бақылау-қадағалау функциялары

2020 жылы Департаментпен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бару арқылы 3 профилактикалық бақылау, 8 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жалпы сомасы 95960 теңгеге электр энергетикасы саласында тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4 ұйғарым берілді.

Департамент Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығымен бекітілген Электр энергетикасы саласындағы тексеру парақтарын қолданады.

Департаменттің Электр энергетикасы саласындағы заңнамада көзделмеген ақпаратқа сұрау салуы болған жоқ.

4) Департаменттің Мемлекеттік сатып алуды өткізу саласында

Департаментті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Комитет жүзеге асырады. Департаментте жергілікті бюджет жоқ.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Департаменттің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Автор: admin