• 23 ноября, 2024 11:43 пп

БІР АДАМНЫҢ ҰЗАҚ УАҚЫТ БИЛІКТЕ БОЛУЫ ДҰРЫС ЕМЕС — ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

Автор:admin

Окт 7, 2022

 

Кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу туралы шешімге қалай келгенін айтты.

«Тағы бір бастама – Президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес деген тұжырымға келдім. Мемлекеттің тірегі – жалғыз Президент емес, бүкіл халық. Сондықтан, ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды.Біз ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек. Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс», — деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізде демографиялық ахуал жақсарып келе жатқанын айта келіп, «Аңсаған сәби» бағдарламасына тоқталды.

«Ұлт саулығы – басты байлығымыз. 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілді. Соның арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 1,5 есе артты.Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ, дене шынықтыру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұқаралық спортты дамыту, түрлі үйірмелер ашу қажеттігі туралы міндет қойылды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin