• 23 ноября, 2024 10:36 пп

ШЫМКЕНТ: М.ӘЙТЕНОВ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Окт 6, 2022

Шымкенттегі “Көрме” орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылып, бизнес қауымдастық өкілдерінің кездесуі өтті. Қалалық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылған шараға шаһар басшысы М.Әйтенов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары-Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков, құқық қорғау орган қызметкерлері, салалық құрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Үшінші мегаполистің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі драйвері — кәсіпкерлік саласы. Шымкенттегі жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін шағын және орта бизнес өкілдері өндіреді.

Бүгінде қалада 95 мыңнан астам белсенді кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

“Республика бойынша 4-ші орындамыз, 180 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл да әрине сіздердің арқаларыңызда”,-деді М.Әйтенов салтанатты шараны ашу барысында.

Жалпы жиында бірқатар өткір де өзекті мәселелер қозғалды.

Қылмыстық процесс саласындағы қиындықтар, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту, қала құрылысында кездесетін проблемалар, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы жер учаскелерін қосалқы жалдау жолдары мен жанар-жағармайға дифференциациялық бағаның бекітілуіне байланысты туындаған салықтың есептілігі, т.б көптеген мәселелер көтеріліп, кездесу барысында оның шешілу жолдары айтылды.

Кездесу қорытындысымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесін құру жобасын жүзеге асыруды бастады.

Бизнесті қорғаудың экожүйесі аясында кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын бұзу фактілерін және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде қажетсіз әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған біршама ұсыныстар әзірленетін болды.

Автор: admin