2022 жылдың 10 қарашасында ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Казахская және Дүкенұлы көшелері қиылысында орналасқан елордалық жатақханада тұрғындармен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндады, сонымен бірге қоғамды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді.
Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты сауал да қойылды. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, үкімет басқа мемлекеттер біздің есебімізден байып, адал емес бәсекелестікте зиян келтіруге тырысқан жағдайда қатаң ойын ережелерін орнатуға тиіс. Кандидат стратегиялық салаларда Қазақстанқалыпты протекционизмді ұстану қажет деп есептейді.
БАЙЛАНЫС:
тел: +7 775 330 03 97
https://osdp.kz/ru/