Өтегенов көшесінің 1-кезеңі “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Бүгінде жол құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 шақырым, ені — 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Аталған нысан бойынша алдымен автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда, асфальт жабындысының 2-ші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Мамандардың айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары қараша айының 10-на дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, шағал тас төсеу, ирригациялық арық және тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгінде қаламызда жөндеу жоспарланған 308 көшенің 270 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталған. Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Тәуелсіздік алғаннан бері 30 жыл ішінде еліміз ғасырға татитын жетістіктерге жетіп, дамудың инновациялық жолына түсті. Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан өзінің тәуелсіздігін одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымның әр түрлі саласында өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі инновациялық жаңаруларды жүзеге асыру кезеңін басынан кешіріп отыр. «Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында көзделген экономикалық даму бағыты. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: «əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.» Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын əртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу және ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк- технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады. Өңдеушi өнеркəсiпте жəне қызмет көрсету саласында бəсекеге түсуге қабiлеттi жəне экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар жəне қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық- инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Бəсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кəсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркəсiптiң өнiмi осындай əлемдiк стандарттарға сəйкес келуi керек жəне баға бойынша бəсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық жəне өндiрiстiк əлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бəсекелестiк артықшылықтарды алуға жəрдемдесуге тиiс.
Jsk ақпарат