• 25 ноября, 2024 4:54 дп

Латын әліпбиінің қажеттілігіне біздің көзіміз айқын жетіп отыр.

Автор:admin

Ноя 9, 2022

Бүгінгі жаһандану дәуірінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатыны анық. «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек» деген болатын. Латын әліпбиіне көшу тіл тазалығын қалыптастырады. Бұған көршілес елдердің әліпбиі мысал бола алады: Түркия латын әліпбиіне 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Дегенмен, бұл мәселеде асығыстық танытпай, қоғаммен де талқылап, әліпбиді құрастыруда үлкен сауаттылық таныту қажет. Себебі ғылым мен техниканың талап етуі арасында тілімізге нұқсан келмеуі керек. Қазақ жазуының тарихына тоқталар болсақ, 900 жыл бойы қазақ жерінде араб әліпбиі қолданылып келді. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, ол кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Қорыта айтқанда, латын әліпбиіне көшу әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет, сонымен қатар бұл серпіліс ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатыны анық. Латын әліпбиінде әртүрлі диакритикалық таңбалар (нүкте,  қос нүкте, сызықша, айшық, дәйекші т.б), яғни қосымша белгілер арқылы көптеген  елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін  танытатын тиімді әліпби дәрежесіне жеткізіп отыр. Жазуға қойылатын басты талап  лингвистикалық (тілді дәл жеткізу) бағытта ғана емес, техникалық жағдайларға (баспа  ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.) да сай болуы керек. Қазір латын әліпбиі осы талаптар  биігінен  де  көрінеді,  сондықтан  оның  бұл  артықшылығын  ескеріп,  халық өз  еркімен  таңдауға  мүмкіндігі болып  тұрғанда  әлемнің  озық  елдері игілігін  көріп,

көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс деп білеміз.  Әсіресе мәтін математикалық символдардан немесе арнайы таңбалардан құралса  онда қазақ тілінде ғылыми мәтіндерді теру мүлде бояу жүреді. Тіпті цифраның өзін  теру үшін клавиатурада не орыс тіліне, не ағылшыншаға ауысып отыруға тура келеді. Бұл мәселенің бір жағы ғана. Екінші жағынан, дыбыстық фонемалары көп тілдер латын графикасын өте тиімді қолдануда, мысалы, ағылшын тілінде 44 дыбыс бар бірақта ағылшын тілінің барлық дыбыстық ерекшеліктері 26-ақ әріппен жеткізіледі. Әрине,  мұндай  салыстыру  29  дыбыстық  қазақ  тіліне  латын  графикасы  негізіндегі  26  әріп жеткілікті деген ойға жетелейді. Оның үстіне қазақ тілінің ішкі заңдары бұл мәселені

анағұрлым жеңілдетеді. Компьютерде кез келген бас әріп, кіші әріп (символдар) код арқылы

ажыратылады.  Компьютердегі  бағдарламалардың  күрделілігі,  оларды  жасауға  өте  көп  қаржы  жұмсалатыны,  төл  әріптердің  кодтау  кестесінде  жоқтығы  көптеген  қиындықтар туғызады. Білім беруді әлемдік электрондық жүйеге қосуға байланысты  латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері анықталды. 1.  Лингвистикалық қажеттілік:  Қазақ әліпбиіндегі дыбыстар құрамын қайта қарап,  оның табиғи заңдылықтарын сақтау. Бұған латын әліпбиіне көшу арқылы жетуге болады. 2.  Техникалық  қажеттілік:  жүздеген  бағдарламалау  тілдерін,  деректер  базасын  басқару жүйесі, мәтін редакторлары, тоғыз төл әрпіміздің кодтау кестесінде жоқтығы  компьютерде  жұмыс  істеуде  қиындықтар  туғызады.  Бұл  мәселені  латынға  көшу  арқылы реттеуге болады.  3. Саяси қажеттілік: Латынға көшсек, батыс елдеріндегі қазақтардың елге келуге  деген ниеттері пайда болып, сәл де болса қазақ ұлтының санын көбейтуге септігі болады және түркі тілдес елдермен белгілі бір дәрежеде қарым-қатынас жасалады. 4. Жаһандану тұрғысындағы қажеттілік: ұлттық құндылықтарды сақтай отырып,  өркениетті ел қатарына қосылуда тілді сақтап, дамыту, кез келген ел мамандарымен бәсекеге қабілетті, әлемдік білім, ғылым, техниканы меңгеруіне жол ашуға мүмкіндік жасайды. Интернетке латын әліпбиімен енсек, әлем қазақтарымен байланыса аламыз.  5.  Экономикалық  қажеттілік:  Қазіргі  кирилл-қазақ  әліпбиіне  қарағанда,  жаңа  әліпби  жобасы  қай  жағынан  болса  да  тиімді  болмақ,  біріншіден,  таңба  саны  аз болғандықтан,  оқу-жазуда  уақыт  үнемделеді;  екіншіден,  бастыруға  материал  аз

шығындалады; үшіншіден, қаржы жағынан әлдеқайда тиімді. Латын қаріптері біздің технологиялар тіліне жетік болуымызға  мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұрпағымыздың шетел тілдерін, соның ішінде қазіргі үштұғырлы тілдің бір  бөлігі болып есептелетін ағылшын тілін еркін меңгеруге жағдай жасайды.

Jsk ақпарат

Автор: admin