• 26 декабря, 2024 9:34 пп

ШЫМКЕНТТЕ АЛИМЕНТТІК БОРЫШКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 18, 2021

Бүгін қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мен қалалық жеке сот орындаушыларының Өнірлік палатасымен бірге алименттік борышкерлерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрменкенің мақсаты — жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмысқа орналасуға қатысты кеңес беру немесе жұмыс іздеуші ретінде тіркеу, және де келешекте алимент қарыздарың өтеу.

— Бүгінгі жәрмеңкеге қала аумағында орналасқан 10-ға жуық кәсіпорындар мен мекемелер қатысып, 50-ден аса қатысқан борышкерлерге 190-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Олар «Azala Textile» ЖШС, «Каз Шпал» АҚ, «Мурат-Фарм» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, «Жаса 4» ЖШС және т.б. Ал, жұмыспен қамту орталығы тарапынан 1382 бос жұмыс орындары ұсынылып, кеңес берілді. -дейді жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы А.Қабылбек.

Қазіргі таңда өңірлік палатасының мәліметі бойынша Шымкент қаласында ¬¬¬¬¬¬¬¬¬10 311 алименттік өндіру туралы құжаттары орындау барысында. Оның 500-ге жуығы астамы проблемалық борышкерлер. Жыл басынан бері ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес 131 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, ал атқару құжаттарын талабын орындамаған бір борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

— Атап өту керек, борышкерлер ұсынған жұмыстан бас тартса немесе Халыққа қызмет ету орталықтарына келмесе, ол атқару құжаттың орындауынаң жалтарған деп саналады және Заңмен көзделген әкімшілік немесе қылмыстық іске тартуға негіз болып табылады –дейді Шымкент қаласы жеке сот орындаушыларының Өнірлік палатасы басшысының орынбасары А. Сартбаева.

Жалпы, бүгінгі жәрмеңкенің нәтижесінде 47 борышкер жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 15-сі тұрақты жұмысқа жолдама алды.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың басынан бері жұмыспен қамту орталығына өңірлік атқарушылық округінің жеке сот орындаушыларынан 379 жұмыссыз алимент борышкерлердің ұсыныс хаттары жолданып, оның ішінде 107-сі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыз болып тіркелгендер саны -29, ал жұмыстан бас тарткандар саны -21 .

Автор: admin