• 25 ноября, 2024 7:51 дп

Латын қарпіне көшудің маңыздылығы жайында

Автор:admin

Ноя 10, 2022

Елімізде латын әліпбиіне көшу үрдістері мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге аспақ. Себебі мемлекеттің тіл саясаты бойынша қоғамдық сананы барынша жаңғырту арқылы елеіміздің осы саладағы әлеуетін арттыру жоспарланған. Қазақстан-2050 стратегиясы саясында атқарылатын кешенді жұмыстардың бірі осы тіл саясаты екендігі баршамызға мәлім. Ендеше лосы салада атқарылатын жұмыстар аз емес. Қазақ тілінің жетілуі заман талабына сай өзгеріп отырғаны бізге мәлім. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зиялылар, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін толық бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не осы жазуды жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Жас буынды әлемдік ғылым мен білім иірімдерін игеруге бағыттап жатқан игі істердің бірі латын қарпіне көшу. Тарих беттерінде қазақ жазуы А.Байтұрсынов ұсынған төте жазудан бастап, латын графикасы, орыс графикасына негізделген қазақ жазуы қолданды. 1929 жылға дейін Араб жазуы мен А.Байтұрсынұлының төте жазуы қолданыста болғантын. Тілтанушы Т.Шонанов өз еңбегінде «Ахметтің жаңа алфавиті тілдің таза сақталуына мүмкіндік туғызды, әлемдік мәдениетпен араластырды» деген құнды пікірі бар. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. Ал 1940 жылдан бастап қазіpгі қолданыстағы кирилицаға негізделгeн әліпбиді пайдаланамыз. Статистикалық мәліметке сүйенсек, әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда. Демек, латын әліпбиі әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды басымдықтардың бірі болып отыр. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі тармағы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Аталған міндеттерді орындауда кешенді жоспарлар құрылып, түрлі бағыттағы іс шаралар ұйымдастырылуда.Латын әліпбиіне көшу — еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Тілімізідің деңгейінің дәрежесін көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізудің мәні зор. Латын әліпбиіне көшу ағылшын әріптерін қолдану деп түсінбей, керісінше өзіміздің ұлттық бояуымыз сіңген әліпбиді қолдану деп түсінуіміз қажет. Тіл әуезділігін, әдемілігін сақтай отырып, халыққа тиімді әрі оңай игеретіндей әліпби жасай отыра, тіліміздің мәртебесі үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын.

Jsk ақпарат

Автор: admin