• 24 ноября, 2024 2:01 дп

Кентау қаласында Ұлы Отан Соғысының ардагері саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады.

Автор:admin

Ноя 20, 2022

Төребаев Бадан – 1926 жылы дүниеге келген.
1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түсті. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медальімен марапатталды.Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты. І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
Елге 1950 жылы қараша айында оралып, еңбекке араласты. Кентау қаласындағы «Мырғалымсай» кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты.Отбасында 2ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген, 14 немересі, 2 шөбересүйіп, бейбіт күнде бақытты ғұмыр кешіп 94 жасты алқымдап отырған абзал ақсақал Кентау қаласына қарасты Майдантал ауылының ақылшы абыз ақсақалы.

Автор: admin