• 23 ноября, 2024 5:30 пп

 

Мен 20 қараша күні таңсәріден тұрып, өзімнің азаматтық міндетімді орындау мақсатында Кентау қаласындағы №50 сайлау учаскесіне барып, таңдауымды жасадым. Жалпы осындай маңызы зор саяси шараға Қазақстан Республикасының бір азаматы ретінде қатысып, еліміздің кемел келешегін қалыптастыруда өз орныңның бар екенін сезіну де бір бақыт екен.

Менің бір байқағаным бұл жолғы Президент сайлауына халық белсенді түрде қатысты. Еліміздің болашағының жарқын болуы үшін және әділетті Қазақстанды құру үшін әрбірінің дауысы маңызды рөл ойнайтынын олар түсіне бастады. Және елімізде өтіп жатқан саяси шаралардан өздерінің күтетіндері көп екенін де аңғартқандай болды.

Алдағы уақытта еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы бұдан да жоғарылай түсіп, тұғыры биіктей беруіне тілектеспін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бейбітшілікте өмір сүрейік. Мен сол үшін дауыс бердім.

Гүлнәр НИЯЗОВА,
«ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Автор: admin