• 23 ноября, 2024 12:46 пп

Қазақстанда келер жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы 58-ге түседі – Министрлік ақпаратқа түсінік берді

Автор:admin

Ноя 28, 2022

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ҚР Президентінің Жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендейтіні, сондай-ақ Қазақстанда 13-ші зейнетақы төлемі енгізілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Jsk.Kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен арттыру 5 жыл мерзімге 61 жас деңгейінде тоқтатылады.

«Зейнетақы төлемдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру базалық және ынтымақты зейнетақы, сондай-ақ азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарын аудару есебінен қалыптастырылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлем беру арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз» деп мәлім етті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 268 мың адам.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық және ынтымақты зейнетақы) 108 993 теңгені құрады (БЖЗҚ төлемдерін есепке алмағанда).

«Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөзден алуды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады», –  деп ескертеді ведомстводан.

Автор: admin