• 23 ноября, 2024 4:54 пп

«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысуға шақырамыз!!!

Автор:admin

Фев 15, 2023

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты Еңбекші ауданының аумағында:
— Аумақты көгалдандыру;
— Тротуарларды жайластыру;
— Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
— Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
— Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
— Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
— Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
— Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
✔️«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейін қабылданады;
✔️Кез-келген аудан тұрғыны аудан аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады;
✔️Егер Сіздің жобалық ұсынысыңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол жоба қалалық бюджет есебінен жүзеге асыруға ұсынылады;
✔️Сіздердің ұсыныстарыңызды 2023 жылдың 1 наурызына дейін күтеміз!
✔️Еңбекші ауданы бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасының жұмысшы органы Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты;
✔️Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефон: 8(7252) 43-30-40; вацап +77028349797
✔️Жобалық ұсыныстар бойынша өтінімдер Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында қабылданады;
✔️Жобаға қатысты қосымша ақпараттармен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналасқан «Халық қатысатын бюджет» сілтемесі арқылы танысуға болады.

Автор: admin