Күн жылына салысымен табиғат жанданып, жан-жануарлар мен жәндіктер ояна бастайды. Осы кезеңде улы жәндіктердерден келетін қауіп көп болмақ. Солардың бірі — сарышаян.
Сарышаян шаққан кездегі клиникалық белгілер:
1. Қатты ауырып, тырыса бастайды. Шаққан жері қызарады;
2. Уланғанда бас айналып, бастың ауруы, құсу, ентігу, әлсіздік, адинамия, жүрек соғуы байқалады;
3. Ауыр жағдайда жүйке жүйесіне әсер еткенде, көзі бұлыңғырланып, аяқ қолы тартылады. Тіпті кейбір кезде жүрек соғысы әлсіреуі де мүмкін.
МҰНДАЙДА НЕ ІСТЕУІҢІЗ ҚАЖЕТ?
• Шаққан жерді спиртпен сүртіп, зиянды микробтар түспес үшін антисептикалық дәке таңу қажет;
• Ауырсыну мен ісінуді жазу үшін мұз басуға болады;
• Ауру басылмаса, шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру қажет;
• Жүкті әйелдер мен созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға, балаларға өз бетінше ем алу қауіпті.
ЕСКЕРІҢІЗ!
— Жгут салуға болмайды. Себебі, қан айналымына кері әсер етіп, гангренозды жағдайға әкелуі мүмкін.
— Жараны күйдіруге болмайды. Себебі, жараның одан ары үлкеюіне әкеледі.
— Алкоголь қабылдауға тиым салынады, себебі ол зат алмасуды жылдамдатып одан сайын удың тарауына әсер етеді.