• 24 ноября, 2024 8:38 дп

Шымкент экономикасы кепілді даму үстінде!

Автор:admin

Апр 7, 2023

 

Республикалық маңызы бар қала Шымкентімізде халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасауда. Бұл арнайы экономиканың басты бағыттарының бір болғандықтан қала халқының дамуына кәсіптерінің өсуіне үстеме кепілдеме беру арқылы жүргізіліп жатыр. Ишырайлы шаөарда 2016 жылы 885 799 ада тұрса, 2020 жылы 1 054 413 адамға жеткен. Яғни адами әлеует артып келеді, сәйкесінше экономикаға да сұраныс артатыны сөзсіз. Халық санының өсуі тұрақты экономиканың кепілді дамуына жол ашатыны сөзсіз. Тағы бір қолайлы тұсы халық санының өсуі инвестицияның тартылуына негізгі күш бола алады. Кез-келген инвестор халық көптеп тұратын жерге қызығушылық білдіреді. Неге? Себебі халық көп болған сайын ол жердің дамуы ерекешеленіп, қаржы табуға мүмкіндік болады. Әлеуметтік-экономикалық жағдай халықтың өмір сүруіне деген деңгейін, төлем қабілетінің артатындығына сенім. Шымкент қаласы халқының әлеуметтік жағдайы 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қаланың нақты 3 пайызға өсетінін көруге болады. Қаламызда еңбекке жарамды тұрғындарымыздың саны бес жүз алты мыңды құрап отыр. Бұл деген сөз шымкент экономикасының 58 пайызын құрайды. Мегаполистің қңірлік ішкі өнім көлемі 2 трилион теңге, ал 200 милиард теңге инвестицияның 5 жылдық құрылысына арналған. Жылына қаламыз 40 милиард теңге табыс тауып отыр. Ол жергілікті ішкі өнімнің көрсеткішін 2021-2026 жылдары жыл сайын қосымша 2 пайызға дамуына ықпал ететінін білдіреді. Сонымен қатар шартты салықтық түсімдер 10 пайыз, ол жергілікті бюджетке шамамен 5 жылға 20 милиард, ал жыл сайын 4 млиард теңге кіріс кіретіндігін дәлелдеп отыр. «Бұл инвестиция қала экономикасының дамуына мультипликативті әсер ете ме?» деген сауалға жауап берейік. «Сөзсіз әсер етеді» деп айтуға негіз бар, оны келесі көрсеткіштерден байқауға болады: 2019 жылы Шымкент қаласына 194,9 млрд теңге инвестиция құйылған. 200 млрд теңге бұл сомадан да көп, ол тек қана құрылыс саласына ғана бағытталып отыр. Шымкент қаласының құрылыс саласына салынған 2 жылдық инвестициядан да асып түседі. 2019 жылы Шымкент қаласында 280,1 шаршы метр көпқабатты тұрғын үйлер қолдануға берілді. Ал «ВІ Group» салып жатқан комплекстің тұрғын үйлерінің ауданы 403 283 шаршы метр. Ол Шымкент қаласындағы 2019 жылғы берілген көпқабатты үйлердің ауданынан 44 пайызға үлкен. 2019 жылы жеке компаниялар 126,2 мың шаршы метр көпқабатты тұрғын үй салды.  Ал «ВІ Group» салып жатқан кешен ол көрсеткіштен 3,2 есе көп. 2019 жылы Шымкент қаласында 3 208 пәтер қолдануға берілді. Оның 2094 пәтерді мемлекет салып берсе, 1 114 пәтерді жеке меншік компаниялар салған. Ал  «Grand Park/Atamura» кешендерінде жалпы саны 6 151 пәтер болады. Ол Шымкент қаласы  бойынша 2019 жылы берілген пәтер санынан 92 пайызға көп.

Jsk ақпарат

Автор: admin