• 23 ноября, 2024 12:34 пп

Шымкент қаласының белсенді халқының 30% бизнесте жұмыс істейді!

Автор:admin

Апр 1, 2023

Оңтүстік халқы негізі өте еңбекқор болып келетіні елімізге белгілі. Оның ішінде әсіресе Шымкент тұрғындары сауда саттықа, бизнеске бейімдеу келеді. Бүгінде қала халқының 30 % орта және шағын бизнесте тер төгіп жүр дейді ресми статистика мәліметтеріне сүйенсек. 2020 жылдың мәліметіне көз жүгіртсек 72 598 кәсіпорында 160,9 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл әрине үлкен көрсеткіштердің бірі. Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамытып, сол арқылы жұмыссыздықпен күресудегі таптырмас баламалы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қолайлылық береді. Бұл дегеніміз қаламызда жұмыссыздардың санының төмендеуіне әкелетіндігі белгілі. Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамытып, сол арқылы жұмыссыздықпен күресуге негіз бар. Бұл өз кезегінде жұмыссыздықты жою және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы экономиканың мемлекеттік бағдарламаларының орындалуына әкеледі. Әрине «Бизнестің жол картасы» жобасы» және «Нәтижиелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламаларының толықтай іске асуына экономиканың әр тараптандыру саясатына, мемлекеттік көрсеткішті индикаторларын орындау мақсатында жүзеге асырылатын жобаларға жол ашпақ.  Сонымен қатар экономиканың белсенді бағыттарының бірі кәсіпкерліктен түсетін қаржылардың тиімді жұмсалуын коммерциялық кеңістікке бөледі. Біршама жұмыс орнының ашылуы кәсіпкерліктің одан әрі дамуына себепкер болады. Қаланы дамытудағы экономиканың қазіргі жаңа моделін жүйелендіруге қз септігін тигізеді.  Әдетте, кез-келген қаланың динамикалық түрде дамушы қала екендігінің негізгі белгісі қала инфрақұрылымымен тікелей байланысты, қосымша-жанама инвестициялардың ағымын бұрушы құбылыстардың бірі  әсем де көрікті, биік, сәулеті ерекше ғимараттар болып келеді (Малайзия, Дубай секілді). Сондықтан, заманауй көрікті ғимараттарға инвестиция салу арқылы, қаланың экономикасын дамытуға, инфрақұрылымын жақсартуға болады, Қаладағы жобалардың көп болғаны жаңа қала келбетін қалыптастырып, инвестициялық тартымдылығын арттырып қаланың синергиялық түрде дамуына үлкен себтігін тигізетін болады. Мысалы: Әрбір қаланың ауқатты тұрғындары, өз қаражаттарына Нұрсұлтан мен Алматы сияқты ірі қалалардан заманауй пәтерлер мен кеңселер сатып алып отырады. Яғни, өз қаласында тапқан қаржысының белгілі бір бөлігін өзге қалалардың экономикасына салып отырады деген сөз.

Jsk ақпарат

Автор: admin