• 22 ноября, 2024 11:44 пп

Шырайлы Шымкент – бизнестің орталығы!

Автор:admin

Апр 2, 2023

 

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары жылма-жыл қабылданып жатады, бірақ олар жоспарланғандай жүз пайыз жүзеге асырылады деп айту қиын, мәселен, «Кәсіпкерлікті қолдаудың жеделдетілген шаралары туралы 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламада» кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын кластерлік-желілік ұстаным негізінде құру жоспарланған болатын, бірақ көріп тұрғанымыздай, әлі жүзеге асырылған жоқ. Сөз жоқ, мемлекетке елдегі кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді ше¬шуге тура келеді. Шымкентте өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласы қарқынды даму үстінде. Бұған нақты дәлеліміз де жоқ емес. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сараласақ, бір ғана өнеркәсіп саласының 87 пайызын құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 566,2 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл алдыңғы  жылмен салыстырғанда 68,8 млрд теңгеге артқанын аңғартуда. Дегенмен, кез келген жетістік еселі еңбекпен келетіні анық. Оның үстіне биылғы меже одан да жоғары болуға тиіс. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнестің жұмыс істеуіне оң жағдай тудыру үшін барынша күш салып келеді. Ең алдымен бизнес-ортаға түсетін әкімшілік қысымды азайтуға ерекше көңіл бөлінді. Мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғау, тексеруді азайту, бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіруге қол жетті. 2017 жылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлердің қорғалған құқығы мен  заңды мүддесінің жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге жетті. Бүгінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы энергиямен қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік кірістер департаменті, жер комитеті, сәулет және қала құрылысы бөлімімен мббильді байланыс тобы арқылы әкімшілік кедергілермен  күрес жұмысын қолға алған. Палатаның негізгі жетістіктерінің қатарында бизнестің жер учаскелері мен инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылу, сондай-ақ бос энергиялық қуат туралы ақпаратты онлайн алу қызметін көрсетуді атауға болады. Бұрындары осы ақпарат бизнеске жетпейтін, бизнес маңызды әрі дұрыс мәліметтен хабарсыз болып келген. Кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыруда өңірлік палата кеңес беру, оқыту, құқық қорғау, жобаларды сүймелдеу, жүзеге асыру жұмыстарын атқарудан бастайды. Былтыр 5598 кәсіпкерге кеңес беру көмегі көрсетілді, 655 бизнес-жоба дайындалды. Бизнес-мектеп оқыту курсынан 1786 тұрғыны өтті. Қорытындылай келе мынаны айтуға болады: Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдаудың базалық қағидаттары мен кәсіпкерлік инфрақұрылымының негізгі институттары қалыптасқан, бірақ әлі де жеткілікті дәрежеде дамымаған, кәсіпкерлік саласының әлеуеті өте мол, сондықтан да оны дамыту қажет.

Jsk ақпарат

Автор: admin