Мемлекеттік бағдарламада кластерлік саясат белгіленді, ол ел экономикасын және шымкенттің даму перспективасына жаңа технологиялық деңгейге көшіруге, өнімділік деңгейі, қосылған құны жəне өнімдер мен көрсетілетін қызметтердіңбөлініс дəрежесі жоғары салаларды қалыптастыруға бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде Шымкентте — мұнай мен газ өндіруге жəне өңдеуге байланысты базалық ресурстық секторлардың, мұнай-газ химиясының, мұнай-газ химиялық машина жасаудың жəне мұнай-газ өнеркəсібіне арналған сервистік көрсетілетін қызметтердің ішінен бір ұлттық кластерді; — өңдеуші өнеркəсіптің нарықтық бағдарланған секторларында конкурстық рəсімді жүргізу нəтижелері бойынша айқындалатын аумақтық үш кластерді; — Астана қаласында («Назарбаев Университеті» кластері), Алматы қаласында («Ақпараттық технологиялар паркі» кластері) «жаңа экономика» секторларында инновациялық екі кластерді дамытуға жəне теңгерімді түрде қолдауға назар аударады. Жалпы, бағдарламаның іс-шаралары түйінді тосқауылдарды еңсеру жөніндегі міндеттерді шешуге жəне өңдеуші өнеркəсіптің басым секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған. Болжаулар негізінде экономиканы мемлекеттік реттеу кезінде болашақ даму стратегиясын таңдау мүмкіндігі туады. Əлеуметтік-экономикалық серпінге экономикалық ықпал етудің стратегиялық басым бағдарлары анықталады. Таңдап алынған стратегиялар мен басымдықтар бағдарламалар негізінде жүзеге асады. Мемлекеттік экономикалық бағдарлама – ресурстармен қамтамасыз етілген жəне белгіленген мақсаттарды барынша қысқа мерзімде жəне өте аз шығындар жасай отырып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзара бір-бірімен байланысқан іс-шаралар. Мұндай бағдарламаларды əзірлеу мен жүзеге асыруды мемлекеттік экономикалық бағдарламау деп атайды. Шымкентте мемлекеттік бағдарламалардың арқасында барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Мысалы, өнеркәсіп өнімінің көлемі 319-дан 523 миллиард теңгеге дейін өсті. Белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71-ден 88 пайызға дейін артты. Шымкент шаһары республикалық мәртебеге ие болған сәттен бастап 1 триллон теңге жаңа инвестиция тартылды. 1,3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаланың бюджеті 3,5 есеге ұлғайып, 455,5 миллиард теңгеге жетті.
Jsk ақпарат